» » ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАУІПТІ ІНДЕТ: ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ, БУЛЛИНГ ЖӘНЕ НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ ЗАРДАБЫ

ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАУІПТІ ІНДЕТ: ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ, БУЛЛИНГ ЖӘНЕ НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ ЗАРДАБЫ


Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінде «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2026-2027 жылдарға арналған бірлескен ведомствоаралық іс-шаралар жоспарына сәйкес оқушылар арасында «Жастар арасындағы қауіпті індет: құқық бұзушылық, буллинг және нашақорлықтың зардабы» тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды.

Байқаудың негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг пен зиянды әдеттердің зардаптары туралы түсініктерін кеңейту, сондай-ақ заңға құрметпен қарайтын саналы тұлға қалыптастыру.

Эссе жазу барысында оқушылар аталған мәселелердің қоғам мен жасөспірім өміріне тигізетін кері әсері туралы өз ойларын ортаға салып, қауіпсіз орта қалыптастыру, өзара сыйластық пен жауапкершіліктің маңызын сөз етті. Сонымен қатар әр адам өз әрекетіне жауапкершілікпен қарап, заң талаптарын сақтауы қажет екенін өз пайымдаулары арқылы жеткізді.

Осындай тағылымды іс-шаралар оқушыларды дұрыс таңдау жасауға, өз құқығы мен міндетін білуге, айналасындағы адамдарға құрметпен қарауға және құқық бұзушылыққа бейжай қарамауға тәрбиелейді.

Заңға құрмет – тәртіптің негізі, ал қауіпсіз болашақ – саналы ұрпақтың қолында!

24 қыркүйек 2026 ж. 107 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 056
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 273

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031