Жастар мәселесі назардан тыс қалмайды
Жастардың мұң-мұқтажы назардан тыс қалмайды. Ел келешегінің тұтқасын ұстағандарға бағытталған мемлекеттің бағдарламалар да кеңінен насихатталу тиіс. Бұл үшін ауданның толық мүмкіндігі бар. Аталған мәселелер облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының жаңа басшысы Қ.Жанұзақовпен кездесуде айтылды.
Жиынға ауылдық жерлердегі жастар ісі жөніндегі инспекторлар мен ауданның белсенді жастары, жастар ұйымдарының басшылары қатысты. Жаңа басшы бұған дейін Арал, Қазалыдағы жастармен жүздескен. Аймақтағы саланың тыныс-тіршілігін тәптіштеп, мәселенің мән-жайына қаныққан ол әрбір жастың басқарма басшысымен етене жақын болу керегін сөз етті.
– Мен былғары орындықта отырып, басшымын деуге тағайындалғаным жоқ. Мейлінше, біз ел үшін бірге еңбек етуіміз керек. Бізге қалың ел, облыс басшылығы зор сеніммен қарайды. Сол сенім үдесінен шығу үшін маңдай терді төгейік. Салаға тосыннан келген жоқпын, бұған дейін де тірлігіміз алабөтен болмады. Бірлесіп жұмыс істеуге шақырамын. Облыстың әрбір жасы туралы мәлімет біздің қолда болғаны ләзім. Олардың тура жолға бағыт алып, елдің өрістеуі үшін жұмыс істегені дұрыс. Бұл – біздің еңбегіміздің нәтижесі болмақ, – деді Қуаныш Қуантқанұлы.
Бұл күндегі өзекті мәселелер қатарында жастардың жат ағымдарға еріп кетуіне жол бермеу тұр. Әсте, басшылық көтерген бастама аясындағы әр ауылдың жастарымен байланысатын мамандар алынуы осы межелі мақсаттан шығуға қадам. Әрбір жастың мінез-құлқы, қазіргі жағдайы, мақсатынан хабардар болып, оның жарқын болашаққа қадам басуын қалыптастыру сол мамандардың тікелей қызметі. Ол ғана емес, олардың кәсіпкерлік саласына бет бұрып, қолын аузына жеткізуі де мамандардың алға қойған айқын мақсаты болу шарт.
– Абай айтпақшы, қолымызды мезгілінен кеш сермеп жүрмейік. Елде тентек болса, тезге салып, жақсылыққа баулиық. Жастайынан көрініп жүрген кәсіпкер болса, үлгі етіп елдің алдына шығарайық. Бұл мақсатта «жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп, бір-бірімізге демеу болайық. Мен сіздердің әрбіріңіздің ұсынысыңызды қабылдауға дайынмын, – деді басқарма басшысы.
Сондай-ақ, жиында бүгінгі өткізілетін шараларға жаңаша формат қалыптастыру жайы да айтылды. Аудиторияны жиып қойып, дәріс өткізіп кету – кісі жалықтыратын әдіске айналды. Бұл – жасырын емес. Сол себепті жаңаша әдістерді қолға алып, үгіт-насихатты тиімді жүргізу керек. Бұл ретте аудан жастары да өз ойларын ортаға салды. Бұдан бөлек, бүгінгі жастың қылмысқа бару себебі, оларды қоғамдық белсенділікке тарту мәселесі де сөз болды.
– «Көрпең қысқа болса, қанша тартқаныңмен аяғыңды жаппайды» деген сөз бар. Әр ауылға бір маман жеткілікті. Ал, сол маман тұтас ел жастарын соңына ерте білу керек, – деді Қ.Жанұзақов жастармен әңгімесінде.
(Ойып салуға)
Азиз Дүкенбай,
агротехникалық колледж оқытушысы:
– Аймаққа басшы болып Қырымбек Көшербаев келгелі өңір жастарына зор мүмкіндік берілді. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар қолға алынды. Мұның барлығы олардың биікке қанат қағуына жасалған жағдай. Осы реттен айта кететіні, Қызылорда қаласында заманауи спорт алаңдары бар. Жастар бос уақытын сонда тиімді өткізіп жатады. Соны спорт түрлерімен де айналысуына мүмкіндік бар. Қармақшыда да осындай алаңдар болса жастар теріс әрекеттерден аулақ болып, түзеледі деп ойлаймын. Екіншіден, Сыр жастарына арналған облыс әкімінің «Сыр үміті» сыйлығы қайта қолға алынса екен. Өйткені, ол біраз жанға серпін сыйлап, мақсаттарын айқын еткен еді.
Нұрай Айтбаева,
«Жасыл ел» жасағының мүшесі:
– Мен өзім Алматы Қыздар мемлекеттік педагогикалық институтының студентімін. Туған жерімде не болып жатыр, қандай жаңалық бар деп желіден көз алмай қараймын. Жазғы демалыста келіп, «Жасыл ел» жасағының құрамында еңбек етемін. Бірақ бір ай ғана жұмыс істеп, қалған екі ай бос жүруге мәжбүрмін. Өйткені, бір ай қатысқан адам келесі айда қатыса алмайды. Осы мәселе шешілсе екен. Бұл – жастарға зор мүмкіндік. «Серпін» бағдарламасы да түлектердің қолтығынан демеп, сүйеніш болған жоба. Мұндай жобалар көбейе берсе екен деймін. Сөз соңында айтарым, «Алдыңғы толқын кейінгі жасқа ақыл айтып, жол көрсетпесе, елдікке ұмтылғаның қайсы?» дейді. Сондықтан, сіздер бізге бағыт-бағдар берсеңіздер, жастар жолдан жаңылмайды деп сенемін.
Түйін.
Кей жастардың бұзақылыққа баруын «жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық аздырар адам баласын» деген Абай пәлсапасымен түсіндіргісі келді жиындағылар. Одан бөлек, аудан аумағында жастардың қызығушылығын арттырып, ойын бөлетін нысандардың бүгінгі таңда ауадай қажеттігі сөз болды. Өйткені, жақсы еңбек ете білген жандар жақсы дем алуы керек.

Дәулет ҚЫРДАН,
«Қармақшы таңы».