» » АВТОКӨЛІКТЕГІ ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛАЙЫҚ!

АВТОКӨЛІКТЕГІ ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛАЙЫҚ!

Қазіргі таңда автокөлік күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда көлік құралдарын пайдалану барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау аса маңызды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, автокөліктердегі өрт оқиғаларының басым бөлігі техникалық ақаулардың, электр сымдарының қысқа тұйықталуының және жанар-жағармай жүйесіндегі ақаулардың салдарынан орын алады.
Автокөліктегі өрт адам өмірі мен денсаулығына ғана емес, материалдық шығынға да әкеледі. Сондықтан әрбір жүргізуші көлігінің техникалық жағдайын тұрақты бақылап, қауіпсіздік шараларын сақтауы қажет.
Өрттің алдын алу үшін көліктің электр жүйесін уақытылы тексеріп отыру, жанар-жағармай жүйесіндегі ақауларды дер кезінде жөндеу және көлікте ашық отты пайдаланбау маңызды. Сондай-ақ автокөлікте жарамды өрт сөндіргіштің болуы міндетті. Өрт сөндіргіштің қолдану мерзімі мен техникалық жағдайын үнемі бақылап отырған жөн.
Егер көліктен түтін немесе жанған иіс шықса, жүргізуші дереу көлікті қауіпсіз жерге тоқтатып, қозғалтқышты өшіріп, жолаушыларды қауіпсіз жерге шығаруы қажет. Өрттің бастапқы сатысында өрт сөндіргіш арқылы сөндіруге әрекет жасауға болады. Алайда жалын күшейген жағдайда қауіпсіз қашықтыққа шығып, 101 немесе 112 нөміріне хабарласу қажет.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау – төтенше жағдайлардың алдын алудың ең тиімді жолы. Әрбір жүргізуші өз көлігінің техникалық жағдайына жауапкершілікпен қарап, қарапайым қауіпсіздік талаптарын орындау арқылы өз өмірін, жолаушыларын және айналасындағыларды қауіптен қорғай алады. Өрт қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет екенін естен шығармайық!
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі
25 маусым 2026 ж. 162 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 864
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 120

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930