» » Автокөліктегі өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар

Автокөліктегі өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар

Автокөліктегі өрттің көбеюіне байланысты Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі «Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі» тақырыбында профилактикалық іс-шара өткізді. Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері автокөлік жүргізушілеріне іс-шараның мақсатын, сонымен қатар көлік құралдарындағы өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді.

Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері көлікте өрт шыққан кездегі іс-әрекеттер туралы айтты:
Егер сіздің автокөлігіңіз қозғалыс кезінде жанған болса, өрт кезінде автомобильдегі жүріс-тұрыс ережелерін сақтаңыздар:
- автокөлікті тоқтатыңыз;
- қозғалтқышты өшіріңіз;
- барлық жолаушыларды шығарыңыз;
- «101» немесе «112» нөмірі арқылы өрт сөндіру қызметін шақырыңыз;
- көліктегі өрт сөндіргішті пайдалануға тырысыңыз. Қозғалтқыш бөлігінде өртті сөндіру кезінде суды қолданбаңыз, себебі бұл электр сымдарының қысқа тұйықталуын немесе жанып жатқан бензиннің таралуын және жану ауданының ұлғаюын тудыруы мүмкін.

Қармақшы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
04 қыркүйек 2024 ж. 339 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 064
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031