» » ТЕМІРЖОЛ САЛАСЫ МЕН ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

ТЕМІРЖОЛ САЛАСЫ МЕН ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен кезекті мәжіліс өткізіліп, облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиында көтерілген мәселелер мен ауданның дамуына қатысты өзекті бағыттар қаралды.
Күн тәртібінде теміржол саласын дамыту және инфрақұрылымдық жобалардың орындалу барысы талқыланды. Осыған сәйкес Мемлекет басшысының тапсырмасы және облыс әкімінің қолдауымен жүргізіліп жатқан Жосалы мен Төретам кенттерінің теміржол вокзалдарын қайта жаңғырту жұмыстарының барысы сараланды. Бұл бағытта жауапты сала басшылары мен кент әкімдері атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндап өтті.
Аудан басшысы Вокзал инфрақұрылымын заманауи талаптарға сай жаңғырту, аумағын толық абаттандыру және барлық жөндеу жұмыстарын бекітілген мерзімде аяқтап, жоғары сапада орындалуына бірқатар тапсырмалар берді.
Күн тәртібінде облыстық маңызы бар «Жалағаш – Жосалы» автомобиль жолының 46 км теміржол арқылы өтетін көпірдің күрделі жөндеу жұмыстарының барысы да қаралды. Бұл бойынша жобаның сапалы орындалуы мен белгіленген мерзімде аяқталуын тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды.
Жалпы биылғы бес айдың қорытындысымен аудан бойынша барлық макроэкономикалық көрсеткіштерде оң динамика қалыптасып отыр. Алдағы уақытта да барлық көрсеткіштерде оң динамиканы сақтау және жоспарланған межелерге қол жеткізу бағытында тапсырмалар жүктелді.
Сондай-ақ аудан аумағындағы санитариялықэпидемиологиялық ахуал назардан тыс қалмады. Жандос Еркінбек Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына, аудандық ветеринариялық стансасына, кент, ауылдық округ әкімдеріне тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, аулалар мен мал қораларын тазалау жұмыстарын ұйымдастыруды және кенеге қарсы профилактикалық шараларды қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Барлық жауапты мекемелер мен сала басшыларына берілген тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету ескертілді.
«ҚТ» ақпарат
21 маусым 2026 ж. 59 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№47 (10515)

22 маусым 2026 ж.

№46 (10514)

20 маусым 2026 ж.

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 341
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 862

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930