» » Туризм саласының болашақ үздік студенті

Туризм саласының болашақ үздік студенті



Білім – біздің басты қазынамыз. Халық ақыны Нұрпейіс Байғанин «Білімнен қымбат нәрсе жоқ, көңілде жатса баспай тот» деген екен. Білімді адам ғана болашаққа батыл қадам баспақ. Біздің жастарымыз алған білімін ақылмен, өнегемен, тән мен жанның сұлулығымен, парасаттылықпен ұштастырса, нұр үстіне нұр жауатыны анық. Оқу-білім үздіксіз еңбектің арқасында ғана жақсы нәтижеге, жоғары жетістіктерге жеткізеді. Студент жастарымыздың жан-жақты, саналы, терең білімді, бәсекеге қабілетті болуы – қоғам сұранысы.
Әлем таныған Байқоңыр қаласындағы академик С.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледжіндегі студенттер болашақ автомеханик, турист агенті, техник-құрылысшы, арнайы тігінші, техник-электроншы маманы секілді біліктілікті алып шығады.
Қазіргі таңда туризм саласы – әлем бойынша қарқынды дамып келе жатқан маңызды бағыттардың бірі. Бұл салада кәсіби білімі терең, жан-жақты, жауапкершілігі жоғары мамандарға сұраныс артып келеді.
Заман талабына сай, нағыз сұранысқа ие, білікті маман болатын білімгерлеріміздің бірі – Ақерке Кенжебекқызы. Ол «Туризм» мамандығының 2 курс студенті. Оқу барысында теория мен тәжірибені ұштастырып, кәсіби біліктілігін жоғары деңгейде көрсетуде.
Туризм саласы адамдармен қарым-қатынас, ұйымдастырушылық қабілет және креативті ойлауды талап етеді, ал Ақерке осы қасиеттердің барлығын бойына сіңірген.
«Жастар парламенті» ұйымының қамқорлық фракциясының белсенді мүшесі Ақерке Кенжебекқызы оқу үлгерімімен қатар, түрлі мәдени іс-шараға белсенді қатысып, өзін жан-жақты дамытып жүр. Туризм бағытында білім алатын студенттерге халықаралық тәжірибе мен практика маңызды, сондықтан ол жаңа мүмкіндіктерді пайдаланып, өзін үнемі жетілдіруге ұмтылады.
Осы орайда Ақеркенің жетістіктеріне тоқтала кеткенді жөн көрдік. Ол 2024 жылы Қызылорда облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет) мен М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі ұйымдастырған техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының 1 курс білім алушылары арасында өткізілген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен облыстық олимпиададан жүлделі ІІІ орын алып, арнайы дипломмен марапатталды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Гүлзира Айткулова. 2025 жылы колледж кітапханасында өткен «Жыл оқырманы – 2025» байқауында үздік оқырман атанса, «Менің өмірімді өзгерткен кітап» атты эссе байқауында І орынды иеленді. «Адал азамат» жобасы аясындағы қаржы қауіпсіздігі бойынша республикалық диктанттан сертификат алды. Сонымен қатар Ақерке Кенжебекқызы облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет) мен М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі ұйымдастырған техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының І курс студенттері арасында өткізілген «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» тақырыбында облыстық ғылыми жобалар байқауына қатысып, алғыс хатпен марапатталды.
«Кітап – жан азығы» демекші, Ақерке кітап оқығанды жақсы көреді. Ол 1 курстан бері кітапханадағы шараларға қатысып, оқыған кітаптары – Д.Исабековтің «Сүйекші» повесті, Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар», С.Сейфулиннің шығармаларын, М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы туралы ойын еркін жеткізе алатын алғыр студент ретінде өзін көрсете білді. Сонымен қатар колледжде өтетін іс-шараларда би билеп, өзін тағы бір қырынан көрсетуде.
Ақерке – адамдармен тез тіл табыса білетін, достары көп, жауапкершілігі жоғары студент. Оның бойындағы табандылық пен ізденімпаздық қасиеттері болашақта білікті маман болып қалыптасуына берік негіз қалайды.
Бүгінгі білімді студент – ертеңгі ел болашағы. Ақерке сынды жастар еліміздің туризм саласының дамуына үлкен үлес қосатыны сөзсіз. Оның алға қойған мақсаттары айқын, болашағы жарқын.
Қымбат БЕРДЕШ,
Байқоңыр қаласы
16 мамыр 2026 ж. 85 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 103
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 693

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031