» » Ынтымақ пен бірлік ұлықталған күн

Ынтымақ пен бірлік ұлықталған күн


Көктемнің шуағы төгілген мамыр айының алғашқы күні – Қазақстан халқының бірлігі күні ел өміріндегі айрықша маңызға ие мерекелердің бірі. Ынтымақ пен татулықты ту еткен бұл күн ауданда да жоғары деңгейде аталып өтті. Орталық алаңда ұйымдастырылған «Татулығы жарасқан – берекелі Қазақстан» атты салтанатты шараға аудан әкімі Жандос Еркінбек қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады.
Мерекелік алаңда көпшілікке арналған мазмұнды бағдарламалар ұсынылды. Атап айтқанда, суретшілер аллеясы жасақталып, онда жергілікті қылқалам шеберлерінің туындылары қойылды. Сонымен қатар ұлттық және түрлі этнос өкілдерінің тағамдары, қолөнер бұйымдары мен тарихи жәдігерлер көрмеге шығарылып, келген жұртшылыққа ерекше әсер сыйлады. Көрменің бір бөлігі ретінде Цай Ден Хак мұражайының құнды экспонаттары да таныстырылып, өңір тарихынан сыр шертті.
Салтанатты жиында сөз алған аудан әкімі Жандос Еркінбек бірлік пен татулықтың ел дамуы үшін маңыздылығына тоқталды.
– Бірлігі бекем, татулығы жарасқан ел болу – біздің басты құндылығымыз. Бұл мереке – еліміздегі тұрақтылық пен келісімнің айқын көрінісі. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» дегендей, әр шаңырақта тыныштық болса, мемлекетіміздің де іргесі берік болады. Болашағымызды бірлесе қалыптастырып, еліміздің өркендеуіне бірге үлес қосайық, – деді аудан басшысы.
Мерекелік бағдарлама концерттік кешке ұласты. Жергілікті өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар сахна төрінде өнер көрсетіп, қазақтың халық әндері мен күйлері орындалды. Сондай-ақ түрлі этнос өкілдерінің би ансамбльдері көпұлтты мәдениеттің әсем үйлесімін паш етті. Әсем ән мен мың бұралған би көрерменге ерекше рухани әсер сыйлап, мерекенің мәнін аша түсті.
Айта кеткен жөн, Қазақстан халқының бірлігі күні елімізде 1996 жылдан бері кең көлемде аталып келеді. Бүгінде бұл мереке – түрлі этностардың достығы мен өзара құрметінің символына айналды. Қармақшы өңірі де көпұлтты келісім мен бірліктің үлгісін көрсетіп келеді. Аудан аумағында 10-нан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, ортақ мақсат жолында еңбек етуде. Татулықты ту еткен бұл мереке ел ішіндегі бірлік пен ынтымақты нығайтып, ортақ Отанымыз – Қазақстанның жарқын болашағына деген сенімді арттыра түсті.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
05 мамыр 2026 ж. 48 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 040
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 645

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031