» » Әлеуметтік қолдау мәселесі қаралды

Әлеуметтік қолдау мәселесі қаралды



Жақында Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық мәслихаттың VIII шақырылымдағы кезектен тыс 45-сессиясы өтті. Аталған жиынға аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жанар Ниматулла, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғалымжан Кенжеғұлов, сондай-ақ 13 депутат қатысты.
Сессия барысында күн тәртібіне бір ғана, бірақ әлеуметтік маңызы жоғары мәселе ұсынылды. Атап айтқанда, аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 8 қыркүйектегі №77 шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Бұл шешім «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» құжатқа қатысты болды.
Жиын барысында жауапты сала басшылары ұсынылып отырған өзгерістердің мәні мен маңызын кеңінен түсіндіріп өтті. Әсіресе, әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін жетілдіру, көмек алушылар санатын нақтылау және оның тиімділігін арттыру бағытындағы шаралар басты назарда болды. Депутаттар тарапынан да бірқатар ұсыныс-пікір айтылып, құжатты жетілдіруге бағытталған ойлар ортаға салынды.
Сессия соңында көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті шешім қабылданды. Жиынды қорытындылаған аудандық мәслихат төрағасы Ә.Қошалақов қабылданған өзгерістердің аудан тұрғындары үшін маңызы зор екенін атап өтті. Бұл шешім әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға көрсетілетін көмектің сапасын арттыруға және әділ бөлінуіне ықпал етеді.
Қармақшы аудандық мәслихаты
02 мамыр 2026 ж. 188 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 969
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 202

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031