Құрылтай
» » Қоқыс өртеу – қауіпті әрекет

Қоқыс өртеу – қауіпті әрекет



Көктем және күз мезгілдерінде тұрғындар аула тазалап, жиналған қоқыс пен құрғақ шөпті өртеп жатады. Алайда қоқыс өртеу – өте қауіпті әрекет. Себебі оттың ұшқыны желмен таралып, тұрғын үйлерге, шаруашылық құрылыстарына немесе егістік алқаптарына жетуі мүмкін. Мұндай жағдай үлкен өртке әкеліп, адам өмірі мен мүлкіне қауіп төндіреді.
Қоқыс өртеу кезінде қоршаған ортаға зиян келеді. Сонымен қатар өрттің бақылаудан шығып кету қаупі жоғары. Әсіресе желді күндері от тез тарап, жақын маңдағы аумақтарды шарпуы мүмкін. Өрт қауіпсіздігін сақтау үшін қоқысты арнайы белгіленген орындарға шығару қажет. Аула аумағында қоқыс пен құрғақ шөпті өртеуге болмайды. Әрбір тұрғын қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауы тиіс.
Құрметті тұрғындар! Тазалық жұмыстарын жүргізу кезінде сақ болыңыздар. Қоқысты өртемей, қауіпсіз жолмен жою – ортақ міндет. Өрт оқиғасы орын алған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз.
Аудандықтөтенше жағдайлар бөлімі
28 сәуір 2026 ж. 130 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 592
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 053

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31