» » 18 сәуірден бастап Меккеге кіру шектеледі: Жаңа талаптар жарияланды

18 сәуірден бастап Меккеге кіру шектеледі: Жаңа талаптар жарияланды

Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Мекке қаласының өңірлік филиалы 2026 жылғы қажылық маусымына байланысты шектеулер мен талаптарды жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қабылданған шаралар қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құлшылық рәсімдерін реттелген әрі қауіпсіз жағдайда өткізу мақсатында енгізілген.
Негізгі талаптарға сәйкес:
  • 2026 жылғы 18 сәуір мен 31 мамыр аралығында «Nusuk» платформасы арқылы умра рұқсаттарын беру уақытша тоқтатылады;
  • 2026 жылғы 18 сәуірден бастап Мекке қаласына қажылық визасынан өзге визалармен кіруге және онда болуға тыйым салынады.
Аталған талаптарды бұзу Сауд Арабиясы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкелетіні ескертілді. Құзырлы органдар азаматтарды белгіленген тәртіпті қатаң сақтауға және қажылық маусымын қауіпсіз өткізуге шақырды.
Нұрболат АМАНБЕК
20 сәуір 2026 ж. 173 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30