» » Қызылорда қаласына кіріп-шығуға тыйым салынды

Қызылорда қаласына кіріп-шығуға тыйым салынды

 Қызылорда облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен 31 наурыз сағат 00.00-ден бастап Қызылорда қаласына кіріп-шығуға тыйым салынады, деп жазады  sputniknews.kz

Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова коронавирус індетінің таралуына байланысты аймақ тұрғындарына жасаған үндеуінде мәлімдеді.
"Аймақта коронавирус жұқтырған бес қазақстандық анықталып отыр. Бұл жағдай тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қатаң шараларды қабылдауды талап етеді. Қызылорда облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен 31 наурыз сағат 00.00-ден бастап Қызылорда қаласына барлық көлік түріне кіруге және одан шығуға тыйым салынады", - деді ол.Сонымен бірге, 1 сәуірден бастап теміржол қатынасы шектеледі.
"Облыс тұрғындарынан сұрайтыным: шектеу талаптарын қатаң сақтауға тиіспіз. Қоғамдық орындарда серуендеуді доғарып, үйден шықпай, дерттен оқшауланған жөн. Қазір кез келген адам вирус жұқтыруы ықтимал", - деді Әбдіқалықова.
Ал ережені бұзғандарға заң аясында жазаланады.


30 наурыз 2020 ж. 1 807 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

№10 (10478)

07 ақпан 2026 ж.

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 397
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 242

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728