» » Гүлшара Әбдіқалықова облыс тұрғындарына үндеу жариялады

Гүлшара Әбдіқалықова облыс тұрғындарына үндеу жариялады

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова коронавирус індетінің таралуына байланысты аймақ тұрғындарына үндеу жариялады, деп хабарлады kyzylorda-news.kz

Құрметті облыс тұрғындары!
 
Өздеріңізге белгілі, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде короновирус індетінің таралуына байланысты төтенше жағдай жариялады. Осыған байланысты біздің облыста да қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Бүгінгі күнге дейін өңірде 318 адам карантиннен өтті. Мемлекеттік мекеме мамандары, дәрігерлер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Сондықтан оларды қолдап, еңбектеріне құрметпен қарауға шақырамын. Дегенмен, аймақта «COVID-19» вирусын жұқтырған 5 қазақстандық анықталып отыр.
 
Бұл жағдай тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қатаң шараларды қабылдауды талап етеді.
 
Қызылорда облысының бас санитарлық дәрігерінің 30 наурыз 2020 жылғы №4 қаулысымен 31 наурыз сағат 00-ден бастап Қызылорда қаласына көліктің барлық түрлерінің келуіне және шығуына тыйым салынады. Теміржол қатынасына шектеу 1-сәуірден басталады.
 
Облыс тұрғындарынан сұрайтыным, шектеу талаптарын қатаң сақтауға тиіспіз. Қоғамдық орындарда серуендеуді доғарып, үйден шықпай, дерттен оқшауланған жөн. Қазір кез келген адам вирус жұқтыруы ықтимал. Ал қаулы ережесін бұзғандарға заң аясында шаралар қолданылатын болады.
 
Өңірде коронавирус диагнозымен ауруханаға түскен ең алғашқы науқастың мәселесіне келсек, қызметтік тексеріс жүргізілуде. Қауіпті індет белгілерінің неліктен кеш анықталғандығы қаралады.
 
Уважаемые жители области!
Как известно, Глава Государства Касым-Жомарт Кемелович Токаев объявил чрезвычайную ситуацию в связи с распространением короновирусной инфекции в нашей стране. В связи с этим в области усилены меры безопасности. До этого в регионе на карантине были 318 человек. Специалисты государственных органов, врачи работают в усиленном режиме. Поэтому призываю всех поддержать и уважительно относится к их труду. Однако в регионе выявлено 5 казахстанцев, зараженных вирусом «COVID-19».
 
Данная ситуация требует принятия жестких мер для обеспечения безопасности населения.
 
Постановлением главного государственного санитарного врача Кызылординской области №4 от 30 марта 2020 года в городе Кызылорда введен запрет по въезду и выезду на территорию города с 31 марта в 00 часов для всех видов транспорта. Ограничение на передвижение железнодорожного транспорта вводится с 1-го апреля.
 
В связи с этим просим жителей области строго соблюдать ограничительных мер. Прекратить прогулок в общественных местах, не выходить из дома и изолироваться от болезни. Сейчас любой человек может заразится вирусом. Также хочу предупредить, что нарушителям ограничительных мер будут приняты административные наказания в рамках закона.
 
На счёт больного, который поступил в больницу с первым диагнозом на коронавирус в регионе проводится служебное расследование. Будет рассмотрено причина позднего выявления симптомов опасной эпидемии.
30 наурыз 2020 ж. 833 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 038

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031