» » Меккеге визасыз кіргендерге айыппұл салынады

Меккеге визасыз кіргендерге айыппұл салынады

2025 жылғы қажылық маусымына байланысты Сауд Арабиясы 29 сәуірден бастап Мекке және Медина қалаларына кіруге жаңа шектеулер енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz Report.az агенттігіне сілтеме жасап.
Қажылық 10 маусымға дейін жалғасатын болғандықтан, осы уақыт аралығында қасиетті жерлерге тек арнайы визасы бар азаматтарға ғана кіруге рұқсат етіледі.
Сауд Арабиясы Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, қажылыққа рұқсатсыз баруға немесе баруға әрекеттенген адамдарға 20 мың сауд риалына дейін (шамамен 5,3 мың АҚШ доллары) айыппұл салынады. Бұл шектеу барлық типтегі визаларға (туристік, жұмыс, отбасылық және т.б.) қатысты.
Сонымен қатар, рұқсатсыз қажылық жасаушыларға немесе оларды елге кіргізуге көмектескендерге 100 мың риалға дейін (шамамен 26 мың АҚШ доллары) айыппұл салынып, сот шешімімен көлік құралдары тәркіленуі мүмкін.
Заңсыз келген, визасы кешіктірілген немесе елде рұқсатсыз жүрген адамдар депортацияланып, оларға 10 жыл бойы Сауд Арабиясына кіруге тыйым салынады.
Мемлекет қасиетті орындарда тәртіпті сақтау және қажылық маусымында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында осындай шараларды қолға алып отыр.
Сондай-ақ, Сауд Арабиясының Туризм министрлігі Мекке қаласындағы барлық қонақ үйлерге қажылық рұқсаты жоқ адамдарды орналастыруға тыйым салғанын хабарлады.
30 сәуір 2025 ж. 413 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 796
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 526

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930