» » АУДАННЫҢ ДАМУ БАҒЫТЫ КЕҢЕСТЕ САРАЛАНДЫ

АУДАННЫҢ ДАМУ БАҒЫТЫ КЕҢЕСТЕ САРАЛАНДЫ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, онда өңірдің әлеуметтікэкономикалық дамуы мен алдағы міндеттері кеңінен талқыланды. Жиынды аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Ә.Құлдүйсенов жүргізді.
Кеңес жұмысына аудан әкімі Жандос Еркінбек, аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, кент және ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қатысты. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы Н.Сүлейменов «ZOOM» платформасы арқылы онлайн режимде қосылды.
Кеңес отырысының күн тәртібінде бес маңызды мәселе тыңдалды. Аудан әкімі Жандос Еркінбек Қармақшы ауданының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы мен алдағы кезеңдегі негізгі міндеттерге тоқталды.
Аудан басшысы өз баяндамасында өңірде атқарылған жұмыстардың нәтижесінде негізгі экономикалық көрсеткіштердің тұрақты өсімге ие болғанын атап өтті. Оның айтуынша, аймақ басшысының бастамалары аясында жүзеге асқан жобалар аудан экономикасының әртүрлі салаларына серпін берген. Жалпы алғанда, ауданның әлеуметтік-экономикалық ахуалы жылдан-жылға жақсарып, тұрақты даму бағыты қалыптасып келеді.
2025 жылға бекітілген аудан бюджеті бастапқыда 12,2 млрд теңгені құраса, жыл ішінде нақтыланып, 22 млрд теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш бюджет көлемінің 9,8 млрд теңгеге ұлғайғанын білдіреді. Сонымен қатар ауданның өз кірістері де айтарлықтай өсім көрсеткен. Жыл басында 2 млрд 932,5 млн теңге көлемінде жоспарланған кіріс 12 ай қорытындысы бойынша 502 млн теңгеге артып, 3 млрд 434,5 млн теңгені құраған.
Макроэкономикалық көрсеткіштерге тоқталған аудан әкімі барлық негізгі салада оң динамика қалыптасқанын жеткізді. Атап айтқанда, өнеркәсіп өнімінің көлемі 103,8 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 102,3 пайызға, ауыл шаруашылығы өнімдері 100,3 пайызға артқан. Сонымен бірге негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 109,4 пайызды құрап, құрылыс жұмыстары 139,4 пайызға өскен. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру көрсеткіші 103,2 пайызға жетсе, бөлшек сауда көлемі 100,5 пайызды құраған.
Бұл көрсеткіштер аудан экономикасының әртараптандырылып, тұрақты даму жолына түскенін көрсетеді. Әсіресе құрылыс саласының қарқынды дамуы жаңа инфрақұрылым нысандарының іске қосылуына мүмкіндік беріп отыр.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық мәслихат төрағасы Ә.Қошалақов өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін ұсынды. Баяндамада депутаттардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып отырған үлесі ерекше атап өтілді.
Мәслихат депутаттары Мемлекет басшысының Жолдауын негізге ала отырып, аудан халқының тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған барлық бастаманы қолдап келеді. Олар жергілікті бюджет пен даму бағдарламаларын бекітіп қана қоймай, олардың орындалуына тұрақты түрде бақылау жүргізуде.
Халық қалаулыларының басты назарында әлеуметтік нысандар құрылысының сапасы, бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты игерілуі, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобалардың уақытылы жүзеге асырылуы тұр. Депутаттар қоғамдық тыңдауларға қатысып, сайлаушылардың ұсыныс-пікірлерін тиісті органдарға жеткізіп, нақты мәселелердің шешілуіне ықпал етуде.
Баяндамашының айтуынша, депутаттардың ұсыныстары мен сын-ескертпелері аудан әкімдігі тарапынан қолдау тауып, көптеген мәселе оң шешімін табуда. Сонымен қатар депутаттық сауалдар жолданып, олар бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып келеді.
Кеңестің үшінші мәселесі ретінде аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Ә.Құлдүйсеновтің 2025 жылғы қызметі туралы есебі тыңдалды. Ол өз сөзінде қоғамдық кеңестің негізгі қызметі – қоғамдағы өзекті мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын ұсыну екенін атап өтті.
Қоғамдық кеңес мүшелері жыл бойы түрлі мониторинг жұмыстарын жүргізіп, аудан тұрғындарын толғандырған мәселелерге ерекше назар аударған. Мәселен, көктем айларында Жосалы кентіндегі аяқсу арықтарының жайкүйін зерделеу мақсатында арнайы қоғамдық мониторинг ұйымдастырылған. Бұл жұмыстарға кеңес мүшелерімен қатар аудан ардагерлері де белсенді қатысқан.
Зерделеу барысында арықтардың жағдайы, су өткізу мүмкіндігі және саябақтар мен көшелерге су жеткізу деңгейі тексерілген. Сонымен қатар кенттің батыс бөлігінде орналасқан тұрмыстық қалдықтар полигонының санитарлық талаптарға сәйкестігі қаралған. Кеңес мүшелері аталған полигонның жағдайына алаңдаушылық білдіріп, оны қатаң бақылауға алу қажеттігін атап өтті.
Жосалы кентін абаттандыру бағытында да бірқатар ұсыныс берілген. Атап айтқанда, тұрғындарды аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында арнайы жұмысшы топ құру, арықтарды тазалау және қалпына келтіру жұмыстарын жүйелеу ұсынылған. Сондай-ақ кентті аяқсумен қамтамасыз етудің кешенді бағдарламасын әзірлеп, оны жүзеге асыруға барлық мекеме мен кәсіпкерлерді жұмылдыру қажеттігі айтылды.
Төртінші мәселе бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» Қызылорда облысы бойынша филиалының Қармақшы аудандық бөлімшесі зертханасының жұмыстары қаралды. Баяндаманы бөлімшенің зертхана меңгерушісінің міндетін атқарушы С.Тиыштыбай жасады.
Ол өз сөзінде аудан тұрғындарының санитариялықэпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Атап айтқанда, жұқпалы және паразиттік аурулардың алдын алу, зертханалық бақылау сапасын арттыру және мамандардың кәсіби деңгейін көтеру бағытында жүйелі іс-шаралар жүргізілуде. Бұл жұмыстар халық денсаулығын сақтау мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Кеңестің бесінші мәселесі ретінде «2026-2030 жылдарға арналған Қармақшы ауданының даму бағдарламасын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 29 желтоқсандағы №374 шешіміне өзгеріс енгізу жөніндегі жоба қаралды. Бұл мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы М.Бекенов баяндама жасады.
Ұсынылған өзгерістер ауданның алдағы даму бағыттарын нақтылап, экономикалық өсімді одан әрі қамтамасыз етуге бағытталған. Кеңес мүшелері бұл жобаны жан-жақты талқылап, өз ұсыныстарын білдірді.
Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімдігі, мәслихат және қоғамдық кеңес тарапынан атқарылған жұмыстарға оң баға берілді. Сонымен қатар алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалып, оларды жүзеге асыру бағытында нақты ұсыныстар қабылданды
. Кеңес отырысында қаралған мәселелер бойынша қоғамдық кеңес мүшелері белсенді пікір білдіріп, ауданның әлеуметтікэкономикалық дамуына қатысты маңызды ұсыныстар айтты. Бұл өз кезегінде жергілікті басқару жүйесінің ашықтығын арттырып, халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
29 наурыз 2026 ж. 55 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 739
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 100

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 471

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031