» » Мемлекеттік тілдің іс құжаттарын жүргізудегі маңыздылығы

Мемлекеттік тілдің іс құжаттарын жүргізудегі маңыздылығы

Мемлекеттік тіл – мемлекеттік басқару, заңнама, сот ісін жүргізу мен іс қағаздарын жүргізу тілі, ол мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылады. Мемлекеттік жергілікті атқарушы және өкілді органдар тілдің дамуы үшін барлық жағдайларды туғызуға міндетті.
Ел Тәуелсіздігінің, ұлт дербестігінің негізгі нышандарынын бірі – тілі. 
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 1997 жылғы 11 шілдедегі 3 бабына сәйкес, Тіл туралы заңдар Конституцияға негізделеді, осы заңнан тілдерді қолдануға және дамытуға қатысты өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Сот ісін жүргізу тілі қағидатын қолдану сот процесіне қатысушы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің құқықтық кепілі болып табылады.
Сот саласында біркелкі сот практикасын қалыптастыру және сот ісін жүргізу тілі туралы заңнаманы дұрыс қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы «Сот ісін жүргізу тілі қағидатын қолданудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулы қабылданған.
Мемлекет құжаттардың қазақ тіліне көшіп, мемлекеттік қызметшілердің ана тілінде сөйлеуі – тіл саясатын жүзеге асыру барысында атқарылып жатқан ауқымды шаралар. Қазіргі уақытта еліміздің әр облысында тіл орталықтары құрылған. Солардың көмегімен біз елімізде мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды.
Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан, әлем таныған ел болуымыз үшін мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтатуымыз керек.
Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі конституциялық құқық белгілерінің бірі – мемлекеттік тіл. Еліміз егемендік алғалы ана тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болды. Тіл сол мемлекеттің иесі болған халықтың мүддесін қорғауы тиіс. Қазақстан Республикасының Мемелекеттік тілі қазақ тілі, мемлекеттік тіл еліміздің барлық аумағында қолданыс үрдісінде кеңейді. Мысалы: Мемлекеттік басқару, сот ісін жүргізу, заң шығару, іс қағазын жүргізу салаларында кең өрісін алып келеді. Қай кезде болмасын тіл мәселесі– сөйлейтін, сол тілден сусындаған, ұлттық, ділдік белгісі болып саналатын халықтың мәселесі.
Істі қазақ тілінде жүргізу керек деген мәселе 1997 жылы «Тіл туралы» Заң қабылданған сәттен бері және Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы №4106 Жарлығымен бекі­тілген тілдерді қолданумен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын 1998-2000 жылдар аралығында іске асыру барысында қоғамдық өмірдің барлық негізгі салаларында тіл құрылысы процестерінің одан әрі кеңеюі мен тереңдеуі үшін алғы шарттар жасалды.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттік басқару, заңнама, сот ісін жүргізу мен іс қағаздарын жүргізу тілі, ол мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылады. Мемлекеттік жергілікті атқарушы және өкілді органдар тілдің дамуы үшін барлық жағдайларды туғызуға міндетті.
Халықтың тілі – ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан қазақтың бой тұмарына айналған ғажайып дүние. Әр халықтың тілі арқылы татулық пен тереңдікке, елдік пен егемендікке бастайтын алтын көпірі салынған. Сол көпірдің беріктігі, өміршендігі – байыпты болашақтың кепілі.
Қазақтың ұлы перзентін бала Абайдан дана Абайға көтерген де – осы қасиетті тіл екені айқын. Көңілінде қазақы күй ойнаған, жүрегінде жауһардай жыр орнаған қалаулыларымыз тіл құдіретін мойындап, келте құбылыстарға кесек ойларын айта білді.
Мемлекет құжаттардың қазақ тіліне көшіп, мемлекеттік қызметшілердің ана тілінде сөйлеуі тіл саясатын жүзеге асыру барысында атқарылып жатқан ауқымды шаралар. Қазіргі уақытта еліміздің әр облысында тіл орталықтары құрылған. Солардың көмегімен біз елімізде мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды.
Б.Абубакирова,
Байқоңыр қалалық сотының судьясы

27 наурыз 2026 ж. 61 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 722
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 459

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031