» » Мемлекеттік тілге деген құрмет өзімізден

Мемлекеттік тілге деген құрмет өзімізден

Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Сот ісін жүргізу тілі қағидатын қолдану сот процесіне қатысушы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің құқықтық кепілі болып табылады.
Сот саласында біркелкі сот практикасын қалыптастыру және сот ісін жүргізу тілі туралы заңнаманы дұрыс қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы «Сот ісін жүргізу тілі қағидатын қолданудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулы қабылданған.
Қазіргі уақытта еліміздің сот жүйесі мемлекеттік тілде іс жүргізуге толықтай көшкенін айта кеткен жөн. Іс қағаздары қазақ тілінде толтырылып, сот процесстері мемлекеттік тілде өткізіледі.
Мемлекеттік тіл мемлекеттік басқару, заңнама, сот ісін жүргізу мен іс қағаздарын жүргізу тілі, ол мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылады. Мемлекеттік жергілікті атқарушы және өкілді органдар тілдің дамуы үшін барлық жағдайларды туғызуға міндетті.
Мемлекет құжаттардың қазақ тіліне көшіп, мемлекеттік қызметшілердің ана тілінде сөйлеуі – тіл саясатын жүзеге асыру барысында атқарылып жатқан ауқымды шаралар. Қазіргі уақытта еліміздің әр облысында тіл орталықтары құрылған. Солардың көмегімен біз елімізде мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да жандандыру керектігін ұдайы есте ұстаған жөн.
Д.Сахи,
Байқоңыр қалалық сотының Бас маманы
20 ақпан 2024 ж. 422 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 059
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 727

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031