» » АЖЫРАСУДЫҢ АЛДЫН АЛУ – САНАЛЫ ҚАДАМ

АЖЫРАСУДЫҢ АЛДЫН АЛУ – САНАЛЫ ҚАДАМ

Соңғы жылдары отбасылық келіспеушіліктер мен ажырасу жағдайлары көбейіп келеді. Алайда кез келген дағдарыс – шешімі жоқ мәселе емес. Көп жағдайда түсініспеушілік уақытылы сөйлеспеуден, эмоцияны басқара алмаудан және бір-бірін тыңдамаудан туындайды.
Отбасын қолдау орталығының мамандары ажырасудың алдын алуға бағытталған кеңестер мен терапиялық кездесулер өткізеді. Ерлізайыптыларға өз сезімдерін ашық жеткізуге, бір-бірін айыптамай тыңдауға және ортақ шешім табуға көмектеседі.
Дағдарыс – қарым-қатынастың соңы емес, жаңа кезеңнің басталуы болуы мүмкін. Ең бастысы – мәселені ушықтырмай, дер кезінде көмекке жүгіну. Психологқа бару – әлсіздік емес, отбасыны сақтауға жасалған жауапты қадам.
Бала үшін ең қауіпсіз орта – ата-анасының татулығы. Сондықтан отбасының бірлігін сақтау – әр ата-ананың ортақ міндеті.
Отбасы – тек екі адамның емес, тұтас болашақтың тағдыры. Осындай дағдарыс жағдайлары орын алғанда үнсіз қалмай, кәсіби көмекке жүгінуге шақырамыз. Отбасын қолдау орталығында психолог маман сіздерге құпиялық сақтай отырып, жан-жақты қолдау көрсетеді. Мекен-жайымыз: Көшербаев көшесі, 44В. Байланыс телефоны: 4-00-23. Сіз жалғыз емессіз. Әр мәселенің шешімі бар.
Н.САЙЛАУОВА,
«Отбасын қолдау орталығы» КММ психологі
19 наурыз 2026 ж. 366 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30