» » "Отбасын жоспарлау" тақырыбында мекеме қызметкерлерімен кездесу

"Отбасын жоспарлау" тақырыбында мекеме қызметкерлерімен кездесу



Отбасы күніне арналған «Отбасын жоспарлау» тақырыбында, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отбасы институтын нығайту, жастардың саналы түрде өмірлік серік таңдауына, отбасын құру мен бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауына ықпал ету мақсатында мекеме қызметкерлерінің қатысуымен орталығымызда шара ұйымдастырылды. Шараға Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім басшысының орынбасары Махамбетов Нұрымжан Дүйсембекұлы, аудандық әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Раева Күлжаухар Төлегенқызы, «Жастар денсаулығы орталығының» психолог маманы Кетебаева Әмина Тахирқызы, Қармақшы ауданы мешітінің бас имамы Рахметуллаев Нұрболат Ғабитұлы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы Қармақшы аудандық АХАТ бөлім басшысының міндетін атқарушысы Ұзынжасова Бақыткүл Ғапбарқызы, мекеме қызметкерлері және орталық мамандары қатысты.
Отбасын жоспарлау – бұл жай ғана медициналық немесе әлеуметтік ұғым емес, бұл – терең ой мен үлкен жауапкершілікті қажет ететін маңызды өмірлік шешім. Денсаулығы мықты ұрпақ өсіру, тәрбиелі перзент әкелу – әрбір отбасының басты мұраты. Отбасын жоспарлау арқылы жастар өз болашағын саналы түрде қалыптастырады.
Өкінішке орай, қазіргі таңда жас отбасылар арасында ажырасу деректері көбейіп отыр. Бұл – отбасы құндылықтарының әлсірегенін көрсетеді. Сондықтан да БАҚ арқылы, әлеуметтік желілер мен қоғамдық іс-шаралар арқылы жастарға дәстүрлі отбасылық тәрбиенің маңызын жеткізу өте маңызды. Бүгінгі шара – тек қана пікір алмасу емес, бұл – қоғамның, болашақтың, ұлттың тәрбиесіне қосылатын үлес болып табылады.
16 қыркүйек 2025 ж. 252 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930