» » Дөңгелек үстел өткізілді

Дөңгелек үстел өткізілді


Қармақшы ауданында «Отбасын қолдау орталығы» ашылып, өз жұмысын бастап кеткен болатын. Орталық өмірлік қиындыққа тап болған және отбасылық зорлық-зомбылықтың зардабын тартқан әйелдер мен олардың балаларын қолдауға бағытталған. Орталық өмірлік қиындыққа тап болған және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың зардарбын тартқан әйелдер мен олардың балаларын қолдауға бағытталған. Сонымен қатар, орталық психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетумен қатар отбасы институтын нығайтуға жан-жақты қолдау жасайды.
Аудандық әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Раева Күлжауһар Төлегенқызы, «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ басшысы Ақжігітов Ғалымжан, «Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің» директоры Сайдулла Бауыржан Сайдуллаұлы, Қармақшы АПб-нің ЖПҚб-нің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны Қасымова Айнұр, Қармақшы «Жастар денсаулық орталығының» психологі Кетебаева Амина Тахирқызы, «Дәметкен Ана» балаларды оңалту орталығының әлеуметтік психологтары Темірбекқызы Гүлмира, «Қармақшы аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы КММ бас дәрігердің орынбасары Жаналиев Айдос және «Кәсіпкерлік өнеркәсіп және туризм бөлімі» КММ әдіскері Шанахаев Арман Арзабекұлының қатысуымен «Қармақшы аудандық отбасын қолдау орталығы» КММ директоры Балтабай Нұрлыбек Балтабайұлының бастамасымен жұмыс жасаудың тәртібін талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: зорлық-зомбылыққа душар болу қауіпі бар, кәмелетке толмаған балалары бар, полиция қызметкерлері арасындаы отбасы жан-жалдарын бақылауға алу мәселелерін талқылау және осы жұмысқа құқылы мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс атқару. Сонымен қатар, бала тәрбиесінде назардан ештеңені тыс қалдыруға болмайтынын, сондықтан ата-анамен бірлесе отырып бала мүддесі үшін қызмет ету керек екені атап өтті. Егерде бірлесе жұмыс жасасақ, осының барлығын алдын алуға болады.
Іс-шара барысында мекеме басшылары мен қызметкерлері және мемлекеттік емес ұйым өкілдері өз ойларын ортаға салып, ақыл-кеңестерін айтып, сөз соңында жақсы лебіздерін білдірді.

Қармақшы ауданы полиция бөлімі
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі
Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы
06 наурыз 2024 ж. 244 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 374

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 454

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930