» » АЖЫРАСУ азайып келеді

АЖЫРАСУ азайып келеді

Шайқалған шаңырақ. Ойран болған отбасы. Екі ортада еңіреп қалған бала. Өзекті өртеген өкініш. Иә, ажырасу – бұл бүгінгі қоғамдағы өршіп тұрған мәселе. Әсілі от- басын құру – ойланып жасалатын қадам. Халқымыз «Үйлену оңай, үй болу қиын» деп текке айтпаса керек. Дей тұра «ә» дегеннен ажырасуға әзір тұратын жас отбасылардың саны артып келеді. Мұны жастықтың жалынымен ағат қадам жасайтын жастардың айыбы ма дерсіз.
Ертеректе екі жанның ажырасқалы жатқанын естігенде үрейлене қараса, бүгін шайқалған шаңырақтың тым көбейіп кету салдарынан естір құлақ пен айтар ауызға да үйреншікті болып кетті. Қазақы танымда әке-шеше қызды бала күнінен өнегелі келін болуға баулыса, ұлды шаңырақ иесі болуға тәрбиелеген. Бір-біріне жәрдемдесіп, шаңырағының бірлігін ұстап тұруға бар-күш жігерін салған. Қазіргі көп бойжеткенде төзімділік пен табандылық жетпейді. Қит етсе «кетемге» басады. Мұның салдарының ауыр болатынын ойлап жатпайды. Отбасылық өмірдің бірінші күнінен-ақ басты рөлге екеуара таласады. Жігіт жігерлі болса, қолында ұстайды, жасық болса әйелдің табанына түседі.
Мамандардың айтуынша, ажырасудың басты себебі – асығыс шешім қабылдап, отбасын құруда. Ерлі-зайыптылар бір-бірін жақын танып-білмей жатып, шаңырақ көтереді. Себебінен үйлі болып кете алмайды. Жастардың жар таңдауға жеңіл қарауының салдарынан шаңырақ көтергеніне көп болмай жатып мінезі жараспай, арада түрлі қайшылықтар туындайды. Тіпті бір-бірімен әлеуметтік тұрғыдан да тең емес екенін кеш біліп, ажырасып жатады.
Екінші себеп – әлеуметтік жағдайдың төмендігі, ақшаның аздығы. Өз бетінше өмір сүрген екі жастың басында баспанасы болмаса жағдай тіптен қиын. Пәтерден-пәтерге көшіп әбігерге қалады. Өмірге сәби келсе, таршылықтың тірі әлегі тағы басталады. Қош. «Әр баланың өз несібесі бар» деп жатамыз. Дегенмен еңбек етіп, әрекет етпесек, ақыры не болары белгілі ғой.
Аудандағы соңғы жылдардағы деректерге қарап, екі жаққа кеткен жандардың тағдырын ойлап, көңіліміз түсіп кетті. 2021 жылы Жосалы кентінде 129 неке қиылса, сол жылы 6 отбасы екіге ажыраған. Ал 2022 жылы 79 отбасы шаңырақ көтерсе, оның ішінде 5 отбасы бөлек кеткен.
Соңғы бес жылдықта ауданға қарасты елді мекендердің барлығында дерлік ажырасу фактілері орын алған. Иә, ажырасамын деген адамға түймедейді түйедей қылатын сылтау да, себеп те жетіп артылады. Дей тұра жастар мұндай әрекетке бармас бұрын жауапкершілікті терең сезініп, баланың жағдайын, оның тірі жетім қалып, жаутаңдап өспеуін ойласа, ажырасудың саны азайса деген ой біздікі.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
10 наурыз 2024 ж. 170 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031