» » Дінтану мамандығы

Дінтану мамандығы

                                   
        Мамандық таңдау – кез келген жасты қинайтын, болашақ өмірге деген бағыт-бағдар болып табылады. Сол себепті әр адам өз табиғатына сай келетін мамандықты таңдауда жаңылмауы тиіс . Әрбір мамандық өзіндік тағылымы мол тарихымен ерекшеленеді. Мен осы орайда, өз мамандығымды таңдауда жаңылыспағаныма көзім анық жетті. Қазіргі кезде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде «Дінтану» мамандығы бойынша грант иегерімін.
       Бұрын дінтану десе халықтың құлағына түрпідей тиетін бұл мамандық ендігі кезде  кеңге жайыла бастап, адамдардың бойы үйренді. Нақтылап айтатын болсам, бұл мамандықты бітірген студент мешітте имам болып, уағыз айтатын адам емес. Дінтану зайырлы мамандықтардың бірі, яғни экономист, заңгер, бухгалтер деген мамандықтардан асып түспесе, кем емес.
Дінтану мамандығы нені оқытады? Дінтану мамандығының қоғамға тигізер пайдасы барма? Мамандықтың маңызы қандай ? – деген сұрақтарға жауап бере кетсем.
       Дінтану мамандығы дін туралы білім көптеген Батыс және Шығыс елдерінде бұрыннан мемлекеттік білім жүйесінің міндетті компоненті болып келеді . Бұлай болып келу себебі, дін әрқашанда әр қоғамның , мемлекеттің , адамның емірінде дүниеге көзқарасы , сенімдер жүйесі ретінде маңызды орын алып келеді және солай бола бермек . Сонымен қатар дін қоғамдық феномен болғандықтан оның зерттелуі , жалпы халық , мемлекет тұтастығы үшін езектілігі жойылмайды . Дінді дұрыс , жете түсінбеу қоғамда түрлі сенім негізінде адамдар арасындағы , конфессия арасындағы , халықтар арасындағы қайшылықтарға алып келеді . Бір де бір дін адамзатты зұлымдыққа , жамандыққа шақырмайды , қайта қиын кезеңдерде адамға рухани азық , қолдау болып , қоғамның ұйытқысына айналады Сол себептен діннің негізін , ішкі рухани дүниесін , шығу тарихын , даму барысындағы түрлі ағым , бағыттардың көзқарастарын , ерекшеліктерін зерттеп , білу маңызды.
       Қазіргі кезде дінтану мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп, қажет деп тапқан мамандықтардың біріне айналды. Қазақстан қоғамының түрлі этностық, конфессиялық сипатын ескере отыра, соған қоса ұлттық діни мұраны сақтап қалатындай қазіргі зайырлы қоғамға, заман талабына сай дінтану пәнін оқыту, дінтанушы мамандар аса қажет және бұл тақырып қашан да өзектілігін жоғалтпайды. жыл сайын ұлғаюда..
      «Дінтану» мамандығы бойынша кадрларды даярлау 6 жоғары оқу орнының базасында іске асырылуда (әл - Фараби атындағы ҚазҰУ, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, «Нұр - Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті, Х. А. Ясауи атындағы ХҚТУ, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті).
       Дінтану – республикамыздағы сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Жалпы, дінтану – қоршаған орта мәдениетімен, дүниетанымымен таныстыратын ғылымның бір саласы.
Қоғамдағы қайсыбір өзекті мәселелер дін саласымен байланысты бол-ғандықтан қарапайым халыққа дұрыс бағыттағы діни білім беру өте маңызды. Бұл саланы игерген мамандарға: мемлекеттік, діни және қоғамдық ұйымдарда бұқаралық ақпарат құралдарында тәуелсіз сарапшы ретінде және сарапшылар комиссиясы құрамында; ҰҚК және ІІМ сараптама қызметінің, мемлекеттік басқару, сыртқы және ішкі саясат бөлімінің, дін істері комитетінің қызметкерлері; дін тарихы мен теориясы, заманауи өркениеттің діни-философиялық мәселелері бойынша ғылыми-зертеу жұмыстарында ғылыми қызметкер; мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары; «Халал» стандарттау комитетінің, ҚМДБ қызметкерлері және басқа да мемлекеттік, мемлекеттік емес мекемелер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері ретінде жұмыс жасауға мүмкіндік бар.
      Дінтану – заманауи жоғары сұраныстар мен қызығушылыққа ие, әрі еліміздің тәуелсіздігімен тұрғылас жаңа ғасыр мамандығы.
Мен дәл осы мамандықты таңдағаныма қуанамын, өйткені дінтану бір жағынан жеке мамандық болса, екінші жағынан адамды рухани құн-дылықтарға, имандылыққа тәрбиелейді. Әсіресе, қазіргі әлемдік діни жағдайдың күрделілігі осы саладағы білімді мамандарды қажет етеді. Білікті мамандарға қай кезде де қоғамнан орын табылатыны сөзсіз. Бұл саланы меңгерген білімді мамандарға кез келген жол ашық деп ойлаймын.
Жасмин ПЕРМЕТАЙ,
Жетекшісі Н.МҰҚАН
13 наурыз 2026 ж. 52 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (10486)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 680
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 438

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031