» » МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – БОЛАШАҚТЫ ТАҢДАУ

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – БОЛАШАҚТЫ ТАҢДАУ

Адам өмірде қателеспеу керек екі заңдылық бар. Соның бірі – мамандық таңдау. Иә, мамандық бір қарағанда жәй нәрсе болып көрінуі мүмкін, бірақ ол бүкіл саналы ғұмырыңның айнасы. Сондықтан әр адам болашаққа қадам жасарда «жеті рет өлшеп, бір рет кескені» абзал. Бас кезінде дұрыс таңдау жасалған шешім, Кен Робинсон айтқандай адам «өз элементіне» ие бола алады.
Жуырда осы тақырып төңірегінде кенттегі Ү.Томанов атындағы No183 мектепте 9-сынып және биылғы бітіруші түлектермен кездесу өтті. Іс-шараға мектеп директоры Гүлнар Әшірова, арнайы қонақ ретінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, қоғамдық кеңестің төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлжауһар Раева қатысты.
Кездесу кешінде алдымен мектеп жанындағы театр заманында бар қазақтың қамқорына, сүйенішіне айналған Алаш арыстарынан қойылым көрсетіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Мектептен түлеп ұшқалы тұрған 11-сынып оқушыларын көбіне қандай мамандықты таңдаймын немесе таңдаған мамандыққа қалай қол жеткіземін деген ойлар мазалайтыны анық. Маңызды кездесуде меймандар мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар беріп, өз ойларымен бөлісті.
– Өмірде барлық мамандық маңызды. Алайда сол мамандықты дұрыс таңдап, қоғамда лайықты орын табу оңай шаруа емес. Алдымен таңдау жасамас бұрын адам өзінен «болашақ мамандығымнан не күтемін?» деген сұраққа шынайы жауап беру керек. Себебі көп нәрсе осыған тікелей байланысты. Мамандықты дұрыс таңдау – бұл ұзақ кәсіби өмірде сенімділік, жан тыныштығы және материалдық әл-ауқат. Тек өзіне ғана емес, бүкіл қоғамға қажетті мамандықты таңдап алу керек. Сонда ғана адам кейін өз мамандығы бойынша жұмыс таба алады. Жалпы жақсы немесе жаман мамандық болмайды, тек сізге ұнайтын не ұнамайтын болуы мүмкін. Таңдау неғұрлым сәтті болса, өмір жолы соғұрлым қызықты және табысты болады, – деді қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов.
Бүгінде кей жастарымыз жоғары сынып оқушысы болған уақытта көбіне болашақ мамандығын таңдауға келгенде салғырттық танытып, дұрыс көңіл бөлмейтіні анық. Ал студент атанған шақта осы мамандыққа амал жоқ біреудің айтуымен түсіп едім деп қынжылып отыратындары да жасырын емес. Сол үшін де маңызды таңдауда ертерек ойланған дұрыс.
Іс-шарада мектеп оқушылары жасанды интеллект бо йынша өз өнерлерін көрсетті. Меймандардан мамандық таңдауда қателеспеу керек қағиданы сұрап, пікір алмасты.
«Жастарымызға болашақ мамандығын таңдауға жауапкершілікпен қарауды сұраймын. Бұл әрбір адамның өміріндегі маңызды сәт, оны жіберіп алмау керек және таңдауға байыптылықпен қараған жөн. Ал, жоғары оқу орнындағы табысты білім, білікті маман болуға мүмкіндік береді» деді Гүлжауһар Төлегенқызы сөзді түйіндей.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
08 ақпан 2025 ж. 215 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

№15 (10383)

25 ақпан 2025 ж.

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 431
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31