» » Дінтану – сұранысқа ие мамандық

Дінтану – сұранысқа ие мамандық

                          
Ғасырлар бойы дін қоғам мен мемлекеттің, тұтастығын қамтамасыз етудің парменді құралы  болып келді. Жаңа тарихи жағдайларда дін осы қызметін  сақтап қала ала ма? Жоқ әлде адамзат жалпыламалық пен тұтастықты қамтамасыз етудің, басқа тетіктерін ойлап таба ма? Азаматтық коғам мен құқықтық мемлекеттегі діннің рөлі мен орны немен айқындалады және оның аталған құрылымдармен  қарым-қатынасы қандай болмақ және қай бағытта дамиды? Міне, осы және басқа да мәселелер  дін сиякты нәзік әрі күрделі  салада салиқалы ұстанымды қалыптастыруды қажет етеді. Ал еліміздегі дінаралық келісімділік пен сұхбатты үйлесімді дамыту өз кезегінде білімді де білікті мамандарды дайындаумен тығыз байланысты. Осы қажеттілікті қамтамасыз ету мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігінің, шешімімен 1999 жылы Қазақ ұлттық университетінің, философия және саясаттану факультетінде «Дінтану» мамандығы бойынша бакалавриат, ал 2001 жылы магистратура ашылды. «Дінтану» мамандығы ашылғаннан бері кафедра ұжымы республикамызға қажетті мамандар дайындаумен қатар, аталған сала бойынша Мемлекеттік білім беру стандарттарын,типтік бағдарламалар, пәндердің оқу әдістемелік кешендерін жасады. Дінтану жане мәдениеттану кафедрасының ұжымы бакалавр, магистратура, PhD докторларын жаңа талаптарға сай даярлауда. Атап айтқанда, жеке білім алу траекториялары,біліктілік бағыттылықтары анықталып, қазіргі Қазақстан мен әлемдік еңбек нарықтығының сұраныстарына сай кәсіби  білікті мамандар дайындау ісі оң жалғасын тауып келеді.
Факультетіміздегі осы мамандықты  бітірген түлектер түрлі салаларда әділет министрлігінде, құқық қорғау органдарында,дін істері жөніндегі комитетте, облыстық,аудандық,қалалық әкімшіліктердің ішкі саясат бөлімдерінде ,Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында, жоғарғы және орта оқу орындарында жемісті еңбек етуде. Магистратураны үздік аяқтаған түлектер өз білімдерін шет елдерде жетілдіруде. Бұл кафедра ұжымының университет қабырғасында дін саласындағы зайырлы білімді терең игеріп, жетік ұштастырған зиялы қауым өкілдерін қалыптастыруа да өзіндік үлес қосып отырғандығын көрсетеді. Сапалы білім беру ең, алдымен оқытушы-ұстаздардың білгірлігі мен біліктілігіне қатысты екені жасырын емес. Қазіргі уакытта кафедрада 11 ғылым докторлары, 7 ғылым кандидаттары жане 4 PhD докторлары еңбек етеді.
Кафедра ұжымы оқытушылықты ғылымизерттеулермен де сабақтастырып келеді.Ғылыми зерттеулердің натижелері оқу үдерісіне енгізілуде. Ғылыми зерттеудің, басым бағыты заманауи діни жағдайдың өзекті мәселелерімен байланысты. Сонғы жылдары авторлық ұжым А.Д. Курманалиева,Н.Ж. Байтенова, К.А. Затов, Ш.С. Рысбекова,К.М. Борбасова, Б.К. Бейсенов, Б.Б. Мейірбаев,С.У. Абжалов Білім жане ғылым министрлігінің бірнеше гранттарын ұтып алды.Қазіргі уакытта кафедра жанында  «Дінтанулык зерттеулер мен экспертизалар орталығы» жұмыс жасайды. Профессор А.Д. Құрманалиеваның жетекшілігімен Жұмыс жасайтын бұл орталық республикамыздағы діни жағдайды талдау жане діни әдебиеттерді сараптау жұмыстарын атқаруда.
Еліміздегі діни жағдайды ескере отырып, ҚР  БҒМ 2016 оқу жылынан бастап мектептердің  9 сыныптарына дінтануды міндетті пан ретінде енгізді. Мектеп қабырғасынан бастап оқушыларға дін тарихы мен теориясы туралы терең де толық әрі мазмұнды білім беру, жастарды дінаралық сұхбат пен келісімділікке тәрбиелей отырып, оларды  жалған діни ағымдардың ықпалынан сақтау аса маңызды қоғамдық және мемлекеттік мәселе болып табылады. Бұл да білімнің сапасы мен тәрбиелік мәніне айрықша назар аударуды талап етеді.
Жаңадан ашылғанына қарамастан «Дінтану» көпшілікке танымал және қоғамға  қажетті,сұранысқа ие мамандыққа айналып отыр.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия жане саясаттану факультетінің «Дінтану» мамандығы республикамыздағы осы саладағы жетекші оқу орны болып табылады. Еліміздегі «Дінтану» мамандығына бөлінген мемлекеттік грант иегерлерінің, бакалавриат бойынша 70 пайызға жуығы, ал магистратураның 100 пайызы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, «Дінтану» бөлімін таңдайды. Бұл кафедра ұжымына деген үлкен сеніммен қатар, келелі міндеттер де жүктейді. Өйткені, терең, біліміне сай өнегелі тәрбие алған азамат-еліміздін, жарқын болашағының кепілі.
Жасмин ПЕРНЕТАЙ
11 маусым 2025 ж. 31 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (10411)

14 маусым 2025 ж.

№42 (10410)

10 маусым 2025 ж.

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 911
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30