» » ЖОСАЛЫ КЕНТІНДЕГІ РУХАНИЯТ ОРТАЛЫҒЫ МЕН СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ЖҰМЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ЖОСАЛЫ КЕНТІНДЕГІ РУХАНИЯТ ОРТАЛЫҒЫ МЕН СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ЖҰМЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ


Бүгін "AMANAT" партиясы Қармақшы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы ғалымжан Ақжігітов, аудан әкімі аппаратының басшысы Ермек Сәтбаев, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы Дәуіржан Бисембаев, партия филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшелері және тиісті облыстық, аудандық сала өкілдері партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында салынған "Руханият орталығы мен дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмысымен танысты.
Зерделеу жұмыстары барысында екі ғимараттың материалдық-техникалық базасы, жылу жүйесінің тұрақты жұмыс істеуі, қауіпсіздік талаптарының сақталуы, үйірмелердің ұйымдастырылу деңгейі және тұрғындар мен жастардың қамтылу көрсеткіштері жан-жақты сараланды.
Штаттық құрылымы және құрал-жабдықтардың тиімді пайдаланылуы да назардан тыс қалған жоқ.
Сондай-ақ мониторингтік топ екі ғимаратта да қызметкерлерімен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Осы орайда, нысандарды талапқа сай күтіп ұстау, материалдық-техникалық базаны ұтымды пайдалану, тұрғындардың үйірмелермен қамтылуын арттыру – басты міндеттердің бірі болып қала береді.
Жосалы кентіндегі "Руханият орталығы" мен спорт кешенінің жұмысы осы бағытта тұрақты бақылауда болады.

14 ақпан 2026 ж. 153 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930