» » АҚАЙ АУЫЛЫНДАҒЫ СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ЖҰМЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

АҚАЙ АУЫЛЫНДАҒЫ СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ЖҰМЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Бүгін "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының төрағасы Еркін Рзалиев, партия филиалының Атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы Дәуіржан Бисембаев, партия филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшелері және тиісті облыстық, аудандық сала өкілдері партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында салынған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмысымен танысты.
Зерделеу жұмыстары барысында спорт кешенінің материалдық-техникалық базасы, жылу жүйесінің тұрақты жұмыс істеуі, қауіпсіздік талаптарының сақталуы, үйірмелердің ұйымдастырылу деңгейі және тұрғындар мен жастардың қамтылу көрсеткіштері жан-жақты сараланды.
Штаттық құрылымы және спорттық құрал-жабдықтардың тиімді пайдаланылуы да назардан тыс қалған жоқ.
Сондай-ақ мониторингтік топ спорт кешенінің қызметкерлерімен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Қазіргі таңда ауданда бұқаралық спортпен айналысатын тұрғындар саны артып келеді. Ауыл жастары түрлі деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындар иеленіп, аудан абыройын асқақтатуда.
Осы орайда, нысанды талапқа сай күтіп ұстау, материалдық-техникалық базаны ұтымды пайдалану, тұрғындардың қамтылуын арттыру және спорттық үйірмелердің сапасын көтеру – басты міндеттердің бірі болып қала береді.
Ақай ауылындағы спорт кешенінің жұмысы осы бағытта тұрақты бақылауда болады.
14 ақпан 2026 ж. 114 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930