» » "AMANAT": СПОРТ КЕШЕНІНЕ ПАРТИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

"AMANAT": СПОРТ КЕШЕНІНЕ ПАРТИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

"AMANAT" партиясының Сайлауалды бағдарламасы аясында ашылған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмысына мониторинг жүргізілді.

Зерделеу жұмыстарына "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының Атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов, филиал жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Сейл Жұмадьяров, Ақай ауылдық округінің әкімі Батыржан Турганов және комиссия мүшелері қатысты.

Мониторингтік топ дене шынықтыру- сауықтыру кешеніндегі тренажер мен спорт залының, тхэквондо секциясының жұмысымен танысты.

Мәселен, тренажер залы тиісті жаттығу құралдарымен жабдықталған және де бір мезгілде 20 адамға дейін сыйдыра алады. Залда кәсіби спортшылармен қатар жергілікті тұрғындар да спортпен шұғылдана алады.

Кешеннің спорт залы командалық ойындарға қарастырылған. Шағын футбол, баскетбол мен волейболдан спорттық додалар өткізілуде.

Сондай-ақ, ғимаратта орналасқан тхэквондо секциясында жас спортшылар жаттықтыруда.

Жүргізілген партиялық мониторинг барысында комиссия мүшелері спорт кешенінің қызметкерлерімен де тілдесіп, айтылған ұсыныс-пікірлерін назарға алды.
04 желтоқсан 2025 ж. 241 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 266
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 803

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930