Су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік қаперде болсын
КӨКТЕМГІ КЕЗЕҢДЕ ҚАРДЫҢ КҮРТ ЕРУІ МЕН ЖАУЫНШАШЫННЫҢ КӨБЕЮІ САЛДАРЫНАН СУ ТАСҚЫНЫ ҚАУПІ ТУЫНДАЙДЫ. СУ ТАСҚЫНЫ – АДАМ ӨМІРІ МЕН ДЕНСАУЛЫҒЫНА, ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР МЕН ИНФРАҚҰРЫЛЫМҒА ҮЛКЕН ҚАУІП ТӨНДІРЕТІН ТАБИҒИ ҚҰБЫЛЫС. ОСЫҒАН БАЙЛАНЫСТЫ ӘРБІР АЗАМАТ СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕ САҚТАЛУЫ ТИІС ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН БІЛУІ ҚАЖЕТ.
Су тасқыны қаупі төнген жағдайда жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар қызметінің хабарламаларын мұқият қадағалаған жөн. Құжаттарды, бағалы заттарды, дәрідәрмектерді және алғашқы қажетті заттарды оңай алынатындай дайындап қойыңыз. Электр қуатын, газды және суды уақытылы ажыратып, төмен орналасқан аймақтардан қауіпсіз, биік жерлерге көшуге дайын болыңыз.
Ал су басу кезінде үйден шығуға мүмкіндік болса, қауіпсіз бағытпен тез арада эвакуацияланыңыз. Балаларды, қарттарды және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды бірінші кезекте қауіпсіз жерге жеткізіңіз. Су ағысына қарсы жүруге немесе суға толы жерден өтпеуге тырысып, электр сымдарына, құлаған ағаштар мен ғимараттарға жақындамаңыз.
Су тасқынынан кейін су толық кеткеніне анық көз жеткізгенге дейін үйге кірмеңіз. Электр желілері мен газ жүйесінің қауіпсіздігі тексерілмейінше пайдаланбаңыз. Ластанған суды ішпеңіз, азық-түлікті пайдаланар алдында мұқият тексеріңіз. Қауіп төнген жағдайда дереу «112» нөміріне хабарласыңыз.
Су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтау – адам өмірін сақтаудың басты кепілі. Әрбір азамат жауапкершілік танытып, төтенше жағдайлар кезінде сабыр сақтауы қажет.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі
















