» » АТҚАРЫЛАТЫН ЖҰМЫСТАР НАҚТЫЛАНДЫ

АТҚАРЫЛАТЫН ЖҰМЫСТАР НАҚТЫЛАНДЫ

ӘРБІР ОТБАСЫНДА АНАНЫҢ ОРНЫ МАҢЫЗДЫ РӨЛ АТҚАРАДЫ. ОТБАСЫНЫҢ БЕРЕКЕСІН КІРГІЗУМЕН БІРГЕ ҚОҒАМДАҒЫ ОРНЫН АЙҚЫНДАҒАН НӘЗІКЖАНДАР ДА АЗ ЕМЕС. ОЛАР БІР ОТБАСЫНЫҢ ЕМЕС, БАРША ҚАУЫМНЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ БОЛЫП, АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРДА ЖҮРЕДІ. ӨНЕГЕ – ҚОҒАМДЫ АЛҒА СҮЙРЕЙТІН КҮШ.
Жуырда ауданымыздың рухани ордасы – «Руханият» орталығында аудан әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтіп, оны комиссия төрағасының орынбасары, аудандық Әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлжауһар Төлегенқызы жүргізді. Отырысқа аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Нұржан Шапи, комиссия хатшысы Ақтолқын Нұрмағанбетова, сондай-ақ ауданымыздың белсенді аналары мен қыз-келіншектерінен құралған комиссия мүшелері қатысты.
Басқосуда әйел-аналардың қоғамдағы орны, отбасы мен қоғамдық өмірдегі жауапкершілігі, әлеуметтік белсенділігі кеңінен сөз болды. Денсаулық сақтау саласының ардагері Гүлнар Төлепбергенова, аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Динара Жүсіпова, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жанар Ниматулла тақырып аясында ойларымен бөліссе, Жосалы кенті әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Нұргүл Сарыбаева, аудандық білім бөлімі қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Ләззат Есханова ұсыныстарын ортаға салды. Сондай-ақ Ақжар ауылдық округінің әкімі Нұржамал Тұрсынбаева заңгерлік саласына қатысты сауалын қойды.
– Ананы сыйлаған, құрметтеген халықтың ұрпағымыз. Қай елдің отбасы институты озық – сол елдің дамуы да, өркениеті де озық. Қоғамдағы қарым-қатынас та жолға қойылған. Сол себепті отбасы құндылығы жоғары тұрмай, мемлекет те дамымақ емес. «Отан – отбасынан басталады» деген сөз бекерге айтылмаса керек. Отбасының тәрбиелік мәнін арттыру, демографиялық саясатты жүзеге асыру – қоғам болып атсалысатын мәселе.
Бүгінгі отырыста түрлі ұсыныс-пікірлер, тұшымды ойлар ашық айтылды. Алдағы уақытта ол ұсыныстар ескеріледі деген ойдамын, – деді Г.Раева.

Жиында комиссияның бұған дейін атқарылған жұмыстары сараланса, алда атқарылатын істер де нақтыланып, айқындалды.
Сәрсенкүл АҚКІСІ
08 ақпан 2026 ж. 86 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 875
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 534

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930