» » ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ТАҚЫРЫБЫНДА ТРЕНИНГ ӨТТІ

ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ТАҚЫРЫБЫНДА ТРЕНИНГ ӨТТІ

Жосалы кентіндегі «Coworking» орталығында «Аймақта отбасылық-демографиялық саясатты дамыту» әлеуметтік жобасы қызметін жүзеге асыру аясында «Отбасы- ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың қайнар көзі» атты психологтардың қатысуымен тренинг өтті.
Шарада Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі және облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Мусаева Нұрсауле Дүйсембайқызы алғы сөз сөйлеп, бүгінгі тақырыптың мазмұны жөнінде түсіндірме жұмыстарын жасап, тренинг жүргізді.
Қармақшы ауданы әйелдер кеңесінің алқа мүшесі Раева Күлжауһар Төлегенқызы, Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Үмбетова Бибігүл Ахметуллақызы, Қармақшы аудандық психологиялық кабинет меңгерушісі Мусаева Ләззат Сұлтанбекқызы ауданымыздағы әйелдер қауымымен тренинг тақырыбына сәйкес сұхбат жасады.
Шараға батыр аналар, аналар кеңестері мүшелері мен түрлі салада жетістікке жеткен әйел азаматтар, жас отбасылар, өмірдің қиын жағдайында қалған қыз-келіншектер, әлеуметтік аз қамтылған топ өкілдері қатысты.
Тренинг соңында қатысушылар пікір алмасып, өз ойларын, ұсыныстарын білдірді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі



27 маусым 2019 ж. 1 175 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031