» » ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ – МЕРЕКЕНІҢ БАСТЫ ТАЛАБЫ

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ – МЕРЕКЕНІҢ БАСТЫ ТАЛАБЫ

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мерекелік іс-шаралар өтетін орындарда өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Мерекелік шаралар барысында тұрғындардың өмірі мен мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар талаптарды орындау қажет. Атап айтқанда, зақымдалған немесе дұрыс бекітілмеген розеткаларды пайдалануға жол берілмейді, сондай-ақ розеткаларды ағаш және өзге де жанғыш материалдарға орнатуға қатаң тыйым салынады. Іс-шара өтетін орындарда электр қауіпсіздігі талаптарына сай ғана түрлі-түсті жарық шамдары мен гирляндаларды қолдану қажет. Гирляндаларда сымдардың қызуы, шамдардың жыпылықтауы немесе ұшқындау сияқты ақаулар анықталған жағдайда, олар дереу электр желісінен ажыратылуы тиіс.
Жаңа жылдық шыршалар тұрақты негізде орнатылып, эвакуациялау жолдарына кедергі келтірмеуі қажет. Шыршаның бұтақтары қабырға мен төбеден кемінде бір метр қашықтықта орналасуы тиіс. Үй-жайда электр жарығы болмаған жағдайда шырша маңындағы мерекелік іс-шаралар тек күндізгі уақытта ғана өткізілуі керек.
Ғимараттар кемінде екі эвакуациялау жолымен қамтамасыз етіліп, адамдардың еркін шығуына кедергі келтіретін бөгеттердің орнатылуына жол берілмеуі қажет. Қосалқы эвакуациялық шығу есіктерін шегелеп тастауға немесе дәнекерлеп жабуға болмайды, төтенше жағдай кезінде адамдардың оларды еркін ашу мүмкіндігі қарастырылуы тиіс. Сонымен қатар ғимарат ішінде өрт кезінде эвакуациялау жоспары талапқа сай орналастырылуы қажет.
Іс-шара өтетін орындарда пиротехникалық бұйымдарды, фейерверктерді, бенгал шамдарын және ашық отты пайдалануға, сондай-ақ белгіленбеген орындарда темекі шегуге қатаң тыйым салынады. Ғимараттың шатырында және жертөлесінде жанғыш материалдарды, жиһаздарды сақтауға жол берілмейді, ал аула аумақтары қоқыс пен жанғыш қалдықтардан уақытылы тазартылып отыруы тиіс.
Автоматты өрт дабыл қондырғыларының ақаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін алдын ала тексеру жүргізіліп, ішкі өрт сөндіру крандары мен аулада орналасқан өрт сөндіру гидранттары үнемі жарамды күйде ұсталғаны жөн. Әрбір іс-шарада өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғалар бекітіліп, кезекшілік ұйымдастырылуы тиіс. Сонымен қатар іс-шара өтетін орындар кемінде бес алғашқы өрт сөндіру құралымен қамтамасыз етілуі қажет.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі жоғарыда аталған талаптарды басшылыққа ала отырып, өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтауға, өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерінің бұзылуына жол бермеуге және өз меншігіндегі объектілерді қолданыстағы талаптарға сәйкес ұстауға шақырады.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі
28 желтоқсан 2025 ж. 35 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (10466)

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 (10465)

20 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 143
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 788

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031