» » БІЗДІҢ ҚОҒАМДАҒЫ ӘДІЛЕТТІЛІК

БІЗДІҢ ҚОҒАМДАҒЫ ӘДІЛЕТТІЛІК

N185 орта мектебінде "Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" іс шарасы аясында зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру, әділетті қоғам құрудағы әр адамның рөлін түсіндіру және оқушылардың этикалық-адамгершілік көзқарастарын дамыту мақсатында «Біздің қоғамдағы әділеттік» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың әділеттілік туралы түсінігін кеңейту, қоғамдағы теңдік, ар-ождан, адам құқығы және адалдық ұғымдарын талқылау, сондай-ақ өз ойын ашық айту, пікірталас мәдениетін сақтау қабілетін дамыту.

Дөңгелек үстел барысында оқушылар топтық талқылауларға қатысып, әділеттілікке қатысты өмірлік мысалдарды ортаға салды. Әр топ қоғамдағы әділеттілік принциптері, құқықтық нормалар, адамгершілік құндылықтар және жеке жауапкершілік туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, оқушыларға ар-ождан, құрмет, адалдық, теңдік сияқты ұғымдардың қоғамда үйлесімді өмір сүру үшін маңызды екендігі түсіндірілді.

Пікірталас форматында өткізілген іс-шара оқушылардың сыни ойлау дағдыларын, тыңдай білу қабілетін және өз көзқарасын дәлелдей алуын дамытуға ықпал етті. Іс-шара соңында қорытынды жасалып, әділетті қоғам қалыптастырудағы әр адамның жеке рөлі туралы пікірлер жинақталды.

30 қараша 2025 ж. 248 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930