» » «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол ЖОҚ» акциясы

«Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол ЖОҚ» акциясы

2022 жылдың маусым айының 15 жұлдызында Қармақшы АПб-нің ғимаратында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол ЖОҚ» атты республикалық акциясына байланысты ашық есік күні өткізілді.
Ішкі істер бөлімінде инспекторлармен бірге күн бойы азаматтарды қабылдау жүріп, оларға құқықтық және психологиялық кеңес, құқықтық көмек, учаскелік полиция инспекторларына қорғау нұсқамаларын шығаруда әдістемелік және практикалық көмек көрсетілді. Сондай-ақ ашық есік күніне байланысты тұрғындар арасында құқықтық салауаттылықты дамыту бойынша іс-шараны өткізу кезінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» ҚР Заңы түсіндірілді.
Акцияның негізгі мақсаты – көпшілік халықты отбасында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алу және оның жолын кесу, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту болып табылады. Егерде зорлық-зомбылық фактілері белгілі болған кезінде жүгінудің қорықпаңыз.
Отбасы жанжалдары кезінде АПб «102» арнасына хабарласуға болады. Сонымен қатар, әр аймақ бойынша учаскелік полиция инспекторларының ұялы телефондарына байланысуға мүмкіндік бар.

Қармақшы АПб-і ЖПҚб-нің ӘЗЗҚт-ы

16 маусым 2022 ж. 709 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 028

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031