» » ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ ЖОҒАРЫ

ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ ЖОҒАРЫ

Сот жұмысының тиімділігін арттырып, азаматтардың құқығы мен бостандығын сапалы қорғау мақсатында салаға енгізіліп жатқан жаңашылдықтар аз емес. Елдегі қауіпсіздік пен әлсіздіктің, заң үстемдігінің өлшемі болғандықтан, сот жүйесінің реформалардан тыс қалған кезі жоқ. Президенттің жыл сайынғы Жолдауларында да сот саласы ешқашан назардан тыс қалмайды. Биылдан бастап қолданысқа енгізілген кассациялық соттар да Мемлекет басшысының жүктеген тапсырмасының жемісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық кәсіпкерлермен кездесу барысында бизнес өкілдерінің ұсыныс-тілектерін тыңдап, соның негізінде Жоғарғы Сотқа кассациялық алқаның жұмысын жаңғыртуды жүктеген еді. Осыған орай халықаралық тәжірибелер сарапқа салынып еліміздегі кассациялық алқа жұмысындағы жетістіктері мен кемшіліктері таразылана келе дербес кассациялық соттар құру туралы шешім қабылданғаны мәлім.
Үш кассациялық сот Астана қаласында құрылып, биыл 1-шілдеден бастап өз жұмыстарына кірісті. Бүгінде жаңа соттардың жұмысын құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ететін заңнамаларға елеулі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ендігі жерде кассациялық сатыдағы сот ретінде қарамақ. Оның негізгі функциясы сот практикасын зерделеуге, төмен тұрған сот сатыларының заңдылықты сақтауын тексеріп, қадағалауға бағытталған. Заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. Бұл реформа сот жүйесінің тиімді жұмыс жасауына, сонымен қатар адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарының сақталуына барынша ықпал жасайды. Кассациялық сотта апелляциялық соттың шешімімен келіспегендер, жергілікті сот шешіміне көңілі толмағандар шағымдана алады. Қазіргі кезде жаңа соттардың белгіленген межеде жұмысын бастап кетуіне қажетті материалдық, техникалық ресурстар қарастырылуда. Сонымен бірге кассациялық сотқа тек біліктілігі жоғары, кәсіби шеберлігі мойындалған, тәжірибесі мол судьялар іріктелуде.
Жаңа соттарға үлкен ыждағаттылықпен қараудың мәні бар. Кассациялық сот институтының дамуы ең алдымен еліміздегі сот тәжірибесінің бірізділігін қамтамасыз етуге ықпалын тигізеді. Ал соттағы бірізділік халықтың төрелікке деген сенімін нығайтары талассыз. Әрі бұл құқық қорғау құрылымдары мен азаматтардың құқығын тиімді қорғауға көмектеседі.
Сондай-ақ істердің ақылға қонымды мерзім ішінде қаралатыны, үш судьядан тұратын алқаның талқысына түсетіні де көпшіліктің көңілінен шығары анық.
Т.ӘМІР
аудандық сот әкімшісінің бас маманы-сот
отырысының хатшысы
14 қараша 2025 ж. 141 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930