» » ТӘРТІП ПЕН ЗАҢДЫЛЫҚ – ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМНІҢ НЕГІЗІ

ТӘРТІП ПЕН ЗАҢДЫЛЫҚ – ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМНІҢ НЕГІЗІ

Бүгінде елімізде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізгі элементі саналатын заң мен тәртіп қағидаттарын нығайтуға бағытталған реформалар белсенді түрде жүргізілуде. Тұжырымдаманың негізгі бағыттарын жүзеге асыру нәтижесінде қоғамда заңның үстемдігі туралы хабардар ету, азаматтардың құқықтық сауатын арттыру, тілектерін тыңдау болып табылады.
Осыған орай жақында аудан әкімі Жандос Еркінбек құқық қорғау органдары мен Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысымен бірлесіп ІІІ Интернационал ауылдық округінің Мәдениет үйінде жеке қабылдау өткізді.
Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында өткен қабылдауға әр елді мекеннен келген 40- тан аса тұрғын қатысып, өздерінің жеке және әлеуметтік мәселелерін ортаға салды. Қабылдауда тұрғындар тұрғын үй мәселесі, жұмысқа орналасу, әлеуметтік қолдау, ауылдық округтердегі инфрақұрылым, құқықтық кеңес сынды әртүрлі бағыттағы мәселелерді көтерді.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындары жол сапасы, әлеуметтік көмек алу тәртібі туралы да сұрақтар қойып, тиісті сала басшыларынан нақты жауап алды.
Жалпы Президентіміздің бұл бастамасы халықтың мемлекеттік және құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайту болып табылады. Сондай-ақ азаматтарға қызмет көрсету сапасының жақсаруына, қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған маңызды шара.
Аудан басшысы Жандос Еркінбек халықпен тікелей қарым-қатынас орнату арқылы олардың мәселелерін тыңдап, заң аясында және мүмкіндіктер шеңберінде оң шешімдер қабылдауды мақсат ететінін атап өтті. Бұл ашықтық пен азаматтық қоғамды дамыту жолындағы маңызды қадам. Тұрғындарды жеке қабылдауда әрбір өтінішті мұқият тыңдап, заң аясында шешу жолдарын қарастыратынын айтып, тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар берді. Алдағы уақытта да азаматтардың өзекті мәселелерін тыңдау арқылы, ашық әрі тиімді басқару жүйесін жүзеге асыруды жалғастыра беретінін жеткізді.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
15 қазан 2025 ж. 276 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 122

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930