» » АУДАН ӘКІМІ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫМЕН БІРГЕ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

АУДАН ӘКІМІ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫМЕН БІРГЕ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ


«Руханият» орталығында аудан әкімі Жандос Еркінбек Мемлекет басшысының жарлығы негізінде құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың өзекті мәселелерін тыңдады.

Ел Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған бұл қабылдауға алдын ала жазылған 50-ге жуық азамат қатысып, өз өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.

Жеке қабылдауда тұрғын үй мәселесі, жұмысқа орналасу туралы өтініштері, әлеуметтік көмек, денсаулық сақтау саласына қатысты жеке жағдайлар көтерілді.

Аудан басшысы мен құқық қорғау саласының жетекшілері әрбір азаматтың мәселесін мұқият қарап, заң шеңберінде тиісті түсіндірмелер мен жауаптар берді.

Мәселен, қабылдауға келген көп балалы азаматша тұрақты баспана алуға жәрдем сұрады. Аудан әкімі бұл мәселені заң шеңберінде шешу керектігін түсіндіріп, жауапты бөлімдерге азаматшаның әлеуметтік жағдайын зерделеп, тұрғын үймен қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Сондай-ақ, бірқатар тұрғындар ауылдардағы жол сапасы, әлеуметтік көмек пен жарық мәселелерін көтеріп, шешімін табуға ықпал етуді сұрады. Аудан әкімі бұл мәселелердің кезең-кезеңімен шешілетінін, кейбірі тиісті бағдарламалар аясында жүзеге асып жатқанын атап өтті.

Айта кетейік, аудан әкімі 2025 жылдың басынан бері 31 жеке қабылдау өткізіп, 213 тұрғынның өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

24 қыркүйек 2025 ж. 177 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031