» » Тұрғындар тілегін тыңдады

Тұрғындар тілегін тыңдады


Аудан әкімі Жандос Еркінбек азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың күнделікті өміріне қатысты мәселелерін, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Кезектілік тәртібімен өткен қабылдауға 15-ке жуық азамат келді.

Көтерілген негізгі мәселелер қатарында тұрғын үй алу, әлеуметтік көмек көрсету, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, көшелерді жөндеу және жұмысқа орналасу сынды сұрақтар болды.

Аудан басшысы әрбір мәселені мұқият қарап, заң аясында шешім қабылданатынын айтты. Жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеліп, кейбір өтініштерге қабылдау кезінде-ақ түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда, көпбалалы ана ретінде тұрғын үй кезегіне тіркелу мәселесімен келген азаматшаға кезек тәртібі мен қажетті құжаттар бойынша кеңес берілді.

Сонымен бірге, қабылдауға келген азаматтардың бірі аудан көлеміндегі мал жайылымына қатысты түйткілді ортаға салды. Бұл мәселе бойынша ауыл әкімдігі мен жер қатынастары бөліміне нақты тапсырма берілді.

Аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін egov.kz порталы, «e-otinish» жүйесі немесе аудан әкімдігіне жазбаша өтініш білдіруге болатынын ескертеміз.
30 тамыз 2025 ж. 195 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

№64 (10532)

24 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 757
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 198

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930