» » Аудан тұрғындарының өтініштері басты назарда

Аудан тұрғындарының өтініштері басты назарда




ІІІ Интернационал ауылдық округінің Мәдениет үйінде аудан әкімі Жандос Еркінбек құқық қорғау органдары мен Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысымен бірлесіп жеке қабылдау өткізді.

Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында өткен қабылдауға әр елді мекеннен келген 40-тан аса тұрғын қатысып, өздерінің жеке және әлеуметтік мәселелерін ортаға салды.

Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан тұрғын үй мәселесі, жұмысқа орналасу, әлеуметтік қолдау, ауылдық округтердегі инфрақұрылым, құқықтық кеңес сынды әртүрлі бағыттағы мәселелер көтерілді.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындары жол сапасы, әлеуметтік көмек алу тәртібі туралы да сұрақтар қойып, тиісті сала басшыларынан нақты жауап алды.

Аудан басшысы әрбір өтінішті мұқият тыңдап, заң аясында шешу жолдарын қарастыратынын айтып, тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар берді.

Жандос Еркінбек алдағы уақытта да азаматтардың өзекті мәселелерін тыңдау арқылы, ашық әрі тиімді басқару жүйесін жүзеге асыруды жалғастыра беретінін атап өтті.
11 қазан 2025 ж. 287 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

№64 (10532)

24 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 757
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 198

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930