» » Конституцияға 30 жыл – Әділдік пен бірліктің берік тұғыры

Конституцияға 30 жыл – Әділдік пен бірліктің берік тұғыры

Биыл Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толып отыр. Бұл мерейтой – еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы ең маңызды тарихи белестердің бірі. Конституция – мемлекеттіліктің нышаны ғана емес, қоғамдық тұрақтылық пен құқықтық тәртіптің негізі.
1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Конституция тәуелсіз Қазақстанның даму бағытын айқындап, жаңа дәуірдің құқықтық тұғырын қалады. Онда мемлекетіміздің басты құндылығы ретінде адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары белгіленді.
Осы 30 жыл ішінде Ата Заң қоғамның өзгерістеріне сай жетілдіріліп, заман талабына бейімделіп келеді. Соңғы конституциялық реформалар «Әділетті Қазақстан» идеясының өзегін нақтылап, билік тармақтарының теңгерімін нығайтты, азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысу мүмкіндігін кеңейтті.
Конституция сот жүйесі үшін де ерекше маңызға ие. Ол сот билігінің тәуелсіздігін, судьяның мәртебесін және әділ сот төрелігінің қағидаттарын айқындайды. Әрбір сот шешімі – Конституциядан бастау алып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған.
30 жылдық мерейтой – бұл тек өткен жолға көз жүгірту ғана емес, елдің құқықтық мәдениетін арттыруға, әділдік пен заң үстемдігіне деген сенімді нығайтуға арналған кезең.
                                                            Жанар Тәжімбетова,
                                                            Байқоңыр қалалық сотының әкімшісінің басшысы
06 қазан 2025 ж. 126 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 866
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 580

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930