» » ЖАСӨСПІРІМДЕР МӘСЕЛЕСІ МАҢЫЗДЫ

ЖАСӨСПІРІМДЕР МӘСЕЛЕСІ МАҢЫЗДЫ

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық профилактикасы күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселе. Прокуратура органдарының ұйымдастыруымен облыс көлемінде «Қауіпсіз және бақытты балалық шақ», «Армандар орындалады», «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ» жобалары бойынша шаралар атқарылуда.
Осы бағытта жұмыстарды одан әрі күшейтіп, жаңаша және тиімді әдістерді қолдану арқылы нәтижелі жұмыстарға қол жеткізу мақсатында облыстық прокуратураның бастамасымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша бір айлық акция жарияланып, облыс прокуроры Р.Ожаровпен іс-шаралар жоспары бекітілді.
Акцияның мақсаты – кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алып, қылмыс құрбаны болудан сақтандырып, жаман әдеттерден аулақ болуға шаралар қолдану.
Аталған жоспарды аудан көлемінде тиісті деңгейде жүзеге асыру мақсатында аудандық прокуратураның үйлестіруімен жергілікті атқарушы органдардың, полиция және білім саласы қызметкерлерінің қатысуымен ауқымды шаралар атқарылуда.
Мектептерде жоғары сынып оқушыларына құқықтық сабақтар өткізіліп, құқықбұзушылықтар мен жаман әдеттерден аулақ болу, қылмыс құрбаны болудан сақтану жөнінде лекциялар өткізілуде. Одан бөлек, білім беру ұйымдарының еңбек ұжымдарымен кездесіп, оқушы тәрбиесі, құқықбұзушылық профилактикасы және тағы басқа заңнамалар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Күн сайын түнгі мезгілде прокуратура, полиция органдары және білім саласы қызметкерлерімен бірлескен рейдтік шаралар ұдайы жүргізілуде. Құқықбұзушылыққа бейім оқушылар мен кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) қарау бойынша өздерінің міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінезқұлқына теріс әсер ететін ата-аналар немесе заңды өкілдері профилактикалық есепке алынып, тиісті шаралар қолданылуда.
Құрметті ата-аналар!
Жасөспірімдердің болашағының дұрыс қалыптасуына, білімді және тәртіпті болып өсуіне, еліміз үшін қызмет жасайтын тұлға болып жетілуіне барлығымыз жауаптымыз. Сондықтан аталған мәселенің маңызды екенін ескеріп, бұл бағыттағы шараларды бірлескен тәртіпте атқаруға үлес қосуға шақырамыз.
Қармақшы аудандық прокуратурасы
28 қыркүйек 2025 ж. 102 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

№73 (10441)

27 қыркүйек 2025 ж.

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 528
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 327

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031