» » Нашақорлық – қоғам дерті

Нашақорлық – қоғам дерті

Есірткісіз қоғам құру – еліміздегі әрбір азаматтың алдындағы міндет. Мемлекет басшысы биылғы Қазақстан халқына Жолдауында мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты арттыру, халықпен тиімді кері байланыс орнатуды, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру қажеттігін жеткізді.
Президент Бас прокуратура мен Үкіметке нашақорлықпен түбегейлі күресуді тапсырды. Аталған тапсырмаға сәйкес Бас Прокуратураның бастамасымен республика көлемінде «Нашақорлыққа жол жоқ» жобасы жүзеге асырылуда.
Үкіметпен «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға» арналған кешенді жоспары бекітілді. Облысымыздағы жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары нашақорлықтың алдын алу, есірткімен айналысатын қылмыстық топтарды әшкерелеу бағытында бірқатар нәтижелі жұмыс атқаруда.
Мұнымен шектелмей, халқымыздың бойында қылмыстылыққа қарсы иммунитет қалыптастыру және есірткінің заңсыз айналымын түбегейлі жою мақсатында осы жылдың 31 қазанында облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен облыс әкімінің қатысуымен «Есірткі қылмыстарының алдын алуда құқық қорғау, жергілікті және уәкілетті органдар мен азаматтық қоғамның атқаратын іс-шараларын айқындау туралы» Үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілді.
Онда «Нашақорлыққа жол жоқ» жобасы аясында облыс көлемінде бір айлық акция жарияланып, іс-шаралар жоспары бекітілді.
Ауданымызда осы жылдың 10 айы қорытындысымен есірткіге қатысты 26 қылмыс тіркеліп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 85% (14) өскен. Қазіргі уақытта жастар арасында синтетикалық есірткі түрлерін қолдану белең алып, алаңдатушылық тудыруда. Одан бөлек түрлі химиялық тұрмыстық заттарды иіскеу арқылы еліту жағдайына түсу фактілері де көптеп кездеседі.
Жасөспірімдердің мұндай әрекеттерге баруына химиялық тұрмыстық заттардың дүкендерде қолжетімді бағада және ешқандай шектеусіз сатылуы.
Есірткінің, психотроптық заттарды және сол тектестердің заңсыз айналымына қарсы тиісті органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен қажетті шаралар жүргізілуде. Дегенмен аталған ғасыр дертімен бүкіл қоғам болып күресуіміз қажет.
Құрметті аудан тұрғындары!
Біздің болашағымыз жасөспірімдер, яғни саналы ұрпақ тәрбиелеп, олардың қауіпсіз, бақытты өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қауіпті дертпен бірлесіп күресуіміз қажет.
Сондықтан, есірткінің заңсыз айналымына қатысты қандай да бір мәлімет (есірткі өнімін егу, өсіру, сақтау, тасымалдау, өткізу, пайдалану, тағы басқа) белгілі болған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарласуды сұраймыз.
Н.ШАЙМАХАН,
Қармақшы аудандық прокуратурасының прокуроры
11 қараша 2024 ж. 74 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031