МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР БАСТЫ НАЗАРДА
Қазіргі уақытта қоғамда халықтың тұрмыс-тіршілігіне, жеке және мүліктік қауіпсіздігіне тікелей кері әсер ететін мәселелер түпкілікті тыйылмауда. Оның ішінде, алаяқтық, лудомания, жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылық, алкоголь мен есірткіге тәуелділік, уытқұмарлық, жол қауіпсіздігі, тұрмыстық зорлық-зомбылық және тағы басқа теріс әрекеттер қоғамның бірқалыпты дамуына кері әсерін тигізуде.
Осы тұрғыда құқықбұзушылық профилактикасын белсенді жүргізу, тұрғындарды құқықбұзушылық жасаудан және оның құрбаны болудан сақтандыру бағытында прокуратура органдарымен белсенді шаралар атқарылуда.
Облыстық прокуратураның бастамасымен облыс көлемінде «Қылмыссыз өңір», «Қауіпсіз және бақытты балалық шақ», «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ» және тағы басқа құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы маңызды жобалар жүзеге асырылуда.
Аудандық прокуратурамен жоғарыда аталған өзекті мәселелер оның ішінде, отбасытұрмыстық саладағы және жол қауіпсіздігі бойынша ақпараттандыру материалдары бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге ұдайы жариялануда.
Одан бөлек, тиісті уәкілетті органдардың, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және қоғам белсенділерінің қатысуымен құқықбұзушылыққа қарсы бірлесіп күресу бағытындағы мәжілістер жүйелі түрде өткізілуде.
Бұл жұмыстардың мақсаты – құқықбұзушылықтардың алдын алу, қауіпсіз қоғам қалыптастыру.
Аталған бағыттағы жұмыстардың тиімділігін одан әрі арттыру мақсатында аудандық прокуратурамен тұрмыстық қатынастармен байланысты құқықбұзушылықтардың, сондай-ақ апатты жағдайлардың алдын алу мақсатында жұмысшы топ құрылды.
Заң бұзушылықтарды жою және кемшіліктерді уақытылы қалпына келтіру, азаматтармен тығыз қатынас орнату арқылы жолдардың апатты аймақтары туралы мәліметтер жинақтау, талапқа сәйкес келмейтін жол белгілері орнатылған немесе мүлдем жол белгілері жоқ тұстарды және үнемі тұрмыстық сипаттағы құқықбұзушылық жасалатын отбасыларды анықтау мақсатында жедел ақпарат алмасу желісі іске қосылды.
Құрметті аудан тұрғындары!
Аудан аумағындағы кез келген санаттағы жолдар бойынша апатты аймақтар, талапқа сәйкес келмейтін жол белгілері орнатылған немесе мүлдем жол белгілері жоқ тұстар белгілі болған жағдайда және үнемі тұрмыстық сипаттағы құқықбұзушылық жасалатын (оның ішінде құқық қорғау органдарына хабарланбай қалатындар, отбасындағы жанжалды сыртқа шығармай, жасырып жүрген) отбасылар туралы өздеріңізге мәлім болса 8(72437)2-20- 54, 2-11-89, 2-11-81, 8701-112-83-11 телефон номерлеріне хабарласуыңызды сұраймыз.
Сіз берген әрбір ақпарат біз үшін маңызды және қауіпсіз қоғамды бірлесіп қалыптастыруға шақырамыз.
Қармақшы аудандық прокуратурасы