» » «ОТБАСЫ» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ

«ОТБАСЫ» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, отбасы-тұрмыстық қарымқатынастарда жасалған қылмыстардың алдын алу шаралары ұйымдастырылуда.
Осыған байланысты, «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» және «Құқықбұзушылық профилактикасы туралы» Заңдарының талаптарын орындау мақсатында қылмыс пен құқықбұзушылыққа бейім тұлғаларға қатысты қорғау нұсқамасын шығару, ерекше талап белгілеу, профилактикалық есепте тұратын адамдармен профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру негізінде осы жылдың 5-15 маусым аралығында аудан көлемінде «Отбасы» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты – отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, тоқтату, әйел және балаларға қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жекепрофилактикалық жұмысты жүзеге асыру болып табылады.
«Отбасы» атты жедел профилактикалық іс-шарасы аясында бөлімнің ЖПҚб-нің УПИ, ЮПт УПИ, ОТЗЗҚКт қызметкерлері күшейтілген жұмыс түріне көшіріліп, тұрмыста құқықбұзушылық жасауға бейім адамдарды, сондай-ақ қолайсыз отбасыларды, ІІО-ның профилактикалық есебінде тұрған тұлғаларды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру және де аудан бойынша құқықбұзушылықтар жасауға бейім адамдар заңға қайшы іс-әрекеттер жасауға жол бермеу мақсатында жұмыстар жүргізілетін болады.
Егер де сіздер немесе сіздің жақындарыңыз тұрмыстық зорлықзомбылықтың құрбаны болса, онда үнсіз қалмаңыздар. Отбасылық тұрмыстық қарым-қатынастар аясында зорлық-зомбылық көрген немесе куә болған азаматтар назарына Қармақшы аудандық полиция бөлімі: 8 (72437) 2-11-89; «102» арнасы 24/7 қызмет етуде. Қоғамда зорлық-зомбылыққа жол ЖОҚ.
Қармақшы ауданының полиция бөлімі,
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі,
Отбасы-тұрмыстық зорлықзомбылыққа қарсы күрес тобы
13 маусым 2025 ж. 99 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10426)

05 тамыз 2025 ж.

№57 (10425)

02 тамыз 2025 ж.

№56 (10424)

29 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 175
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031