» » Бала қауіпсіздігі - басты назарда

Бала қауіпсіздігі - басты назарда


Біздің алдымыздағы ең басты мақсат – балаларға сапалы білім беру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ол үшін барлық қажетті жағдайды жасауға міндеттіміз. Бала қауіпсіздігі мәселесінің маңызы зор. Әр ата-ана баласының қауіпсіз ортада өмір сүріп, дені сау, білім-білігі мол саналы ұрпақ болғанын қалайды.
Осы орайда бейсенбіде кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері, аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов, аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзира Абдазиева, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Өмірбек Сақтабаевтар Жосалы кентіндегі білім беру ұйымдарын аралап, жоғары сынып оқушыларымен кездесті. Онда оқу жылы аяқталуына қатысты жазғы демалыс кезінде жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау, топтық төбелес, суицидтің, кибербуллинг, лудомания, нашақорлықтың алдын алу, түнгі уақытта жалғыз жүру, әлеуметтік желідегі теріс ақпараттардың жастардың дамуына кері әсерін тигізу және тағы басқа өзекті мәселелер бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мұнан өзге жазғы демалыс кезінде құқық бұзушылық жасаудан және құқық бұзушылық құрбаны болудан сақтану, жазғы суға шомылу маусымы кезінде барлық сақтық шараларын қатаң ұстану қажет екендігі және тек рұқсат етілген орындарда ғана ата-аналарымен түсу қажеттілігі айтылды.
«ҚТ» ақпарат

19 мамыр 2024 ж. 326 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930