» » Қармақшы ауданы әкімдігінде комиссия отырысы өтті

Қармақшы ауданы әкімдігінде комиссия отырысы өтті

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлының төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Комиссия отырысының күн тәртібіне сәйкес «Балалар қауіпсіздігі мәселелері. Демалыс кезеңінде балалар арасында төтенше жағдайлардың алдын алу, болдырмау шаралары туралы» Қармақшы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Қ.Далдиевтің, «Балалар мен жасөспірімдердің қаңғыбастыққа салынуының алдын алу, жазғы демалыстың ұйымдастырылуы, қауіпсіздік мәселесі туралы» Аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Тоқшылықованың хабарламалары тыңдалды.

Сонымен бірге комиссия отырысында Қармақшы аграрлық техникалық колледжінің студенттері тарапынан жасалған құқық бұзушылықтар мен Жосалы кентінде автокөлік жүргізіп ұсталған кәмелетке толмағандар туралы мәселелер қаралды.

Күн тәртібінде қаралған мәселелерге орай комиссия мүшелері ұсыныс-пікірлерін ортаға салса, комиссия төрағасы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың орын алуына жол берген жауапты қызметкерлерді қатаң сынға алды.

Сондай-ақ, тиісті сала басшыларына профилактикалық жұмыстарды күшейтуді және жазғы демалыс мерзімінде оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында олардың ата – аналарымен бірігіп тиісті шараларды қабылдауды тапсырды.

28 мамыр 2023 ж. 340 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 051
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 719

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031