» » Ресей Үкіметі салық көбейтуді ойластырып жатыр

Ресей Үкіметі салық көбейтуді ойластырып жатыр





Әскери шығындардан ұлғайып кеткен бюджет тапшылығын азайту үшін Ресей Үкіметі қосылған құн салығын (ҚҚС) көтеру мәселесін қарастырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ The Bell басылымына сілтеме жасап.
Осы орайда ҚҚС мөлшерлемесін 20%-дан 22%-ға дейін өсіру жоспары бар, ал бұл өзгерістен әлеуметтік маңызы бар тауарлар ғана тыс қалмақ.
Қорытынды шешім әлі қабылданған жоқ, бірақ The Bell сұхбаттасушылары салықты көтеруден басқа амал жоқ екенін айтады.
Тамыз айында Reuters агенттігі де Ресей Үкіметіндегі дереккөзге сілтеме жасап, салық өсімі «міндетті түрде болады» деп хабарлаған. 
Біз шығындарды, тіпті қорғанысқа кететін шығындарды қысқартсақ та, бюджетті теңестіре алмаймыз. Мұнай-газ кірісі азайып жатыр, ал экономика оны толық өтей алмайды, – деп келтіреді дереккөз сөзін агенттік.
Сондай-ақ басқа нұсқалар да қаралып жатқаны, соның ішінде пайда салығын және ЖТС (жеке табыс салығын) көтеру де бар екені белгілі болды.
ҚҚС – негізінен тұтыну салығы. Оның мөлшерлемесін арттыра отырып, билік ең алдымен халықтың қалтасына қол салады, өйткені бизнес жаңа салық шығындарының басым бөлігін бағаға енгізіп, сатып алушыларға аударады. ҚҚС өсімі баға өсімінің баяулауын тоқтатуы мүмкін, ал оны тежеу үшін Орталық банк негізгі мөлшерлемені екі таңбалы деңгейде ұстап отыр, – деп түсіндіреді басылым.
12 қыркүйек 2025 ж. 82 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

№73 (10441)

27 қыркүйек 2025 ж.

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 529
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 328

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031