» » Енді Қазақстанда жеке куәлігін жиі жоғалтатындарға салық мөлшері артады

Енді Қазақстанда жеке куәлігін жиі жоғалтатындарға салық мөлшері артады

Депутаттар Салық кодексіне өзгертулер енгізу туралы бастама көтерді. Оның ішінде қазақстандықтар жеке куәлікті жылына екі реттен артық жоғалтқан жағдайда мемлекеттік баж салығын арттыру ұсынылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Заң жобасында мұндай жағдайда жоғалған жеке куәлікті қалпына келтіруге өтініш берген кезде 1 АЕК (2023 жылы – 3 450 теңге) мөлшерінде мемлекеттік баж салығын төлеу керектігі қарастырылған. Бұл ретте ҚР азаматының жеке куәлігін беру немесе ауыстыру кезіндегі мемлекеттік баж 0,2 АЕК құрайды.
Түзету негіздемесінде құжатты қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік баж салығын арттыру азаматтарды жеке басын куәландыратын құжаттарға ұқыптылықпен қарауға итермелейтіні айтылған.
Парламентарийлердің айтуынша, бұл мемлекет меншігі болып табылатын жеке басты куәландыратын құжатқа немқұрайлы қарауды көрсетеді. Бұған себеп жыл сайын жоғалуына байланысты жеке куәлік беретін 335 000 азаматтың орта есеппен 7 806-сы бір жыл ішінде екі реттен көп жүгінеді екен.
Осыған орай заң жобасында төлқұжат бергені үшін сараланған мемлекеттік баж салығын енгізуді көздейтін түзетулер бар.
12 қаңтар 2023 ж. 445 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 104
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 694

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031