» » «Азаматтарға арналған үкімет» жеке куәлікті дер кезінде ауыстыруға кеңес берді

«Азаматтарға арналған үкімет» жеке куәлікті дер кезінде ауыстыруға кеңес берді



«Азаматтарға арналған үкімет» қазақстандықтарға құжаттың жарамдылық мерзімінің аяқталуын күтпей-ақ, жеке куәлікті ертерек ауыстыруға кеңес береді.
Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сүйеніш Әбділдиннің айтуынша, ХҚО-ғ ақұжаттарының мерзімі өтіп кеткен клиенттер жиі жүгінеді. Ал ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз бір айдан астам жүруі 7 АЕК мөлшерінде айыппұлдың салынуына әкеп соғады.
«Жеке куәлікті тұрғылықты тіркеу орнына қарамастан кез келген ХҚО-да ауыстыруға болады. Онда тек ескі құжатты көрсетіп, 0,2 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төлеу қажет. Жаңа құжат 15 жұмыс күні ішінде дайын болады. Қалауыңыз бойынша қосымша ақы төлеп, куәлікті дайындау мерзімін бір күннен бес жұмыс күніне дейін жеделдетуге болады», – деп нақтылап өтті Сүйеніш Әбділдин.
Сондай-ақ спикер жеке куәлік қазақстандықтарға 16 жастан бастап берілетінін атап өтті. Алғашқы құжатты алу үшін жасөспірім ата-анасының бірімен ХҚО-ға жүгінуі керек. Өтініш беру үшін туу туралы куәлік, төлқұжат (бар болса)  және мемлекеттік баж салығының төленгені туралы түбіртек тапсыру қажет.
Туу туралы куәлікте тегін немесе атын өзгерткен, некеге тұруға/бұзуға байланысты тегін өзгерткендер де бір ай ішінде құжатын жаңартуы тиіс. Айта кетейік, жеке басты куәландыратын құжаттарды рәсімдеу қызметін ХҚО-да отыратын көші-қон полициясының қызметкерлері ұсынады.
Айта кетейік, паспорт мерзімі өткен жағдайда айыппұл қарастырылмаған. Ол шетелге шығу үшін пайдаланылатын құжат. Төлқұжат алу үшін кез келген ХҚО-ға жүгінуге болады. Мемлекеттік баж мөлшері – 8 АЕК. 2021 жылы ХҚО-ларда жеке басты куәландыратын 2,4 млн құжат берілді.


30 наурыз 2022 ж. 483 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 217

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930