» » Қазақстанда көлік салығы алынып тасталуы мүмкін

Қазақстанда көлік салығы алынып тасталуы мүмкін

Қазақстанда 2025 жылы жанар-жағармай бағасының өсуіне байланысты көлік салығы алынып тасталуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі.2024 жылға арналған жаңа "Салық кодексі" жобасына кеңес беретін Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген құжат "Ашық үкімет" сайтында жарияланды.

Қазіргі салық жүйесінің мәселелерін шешуге арналған басқа ұсыныстардың қатарында көлік салығын қайта қарау мәселесі қарастырылған. Атап айтқанда, 2025 жылы ЕАЭО елдері шеңберінде мұнай өнімдерінің бірыңғай нарығына көшу жанар-жағармай бағасының айтарлықтай өсуіне әкелетіні көрсетілген. Нәтижесінде көлік құралдарына салынатын салықты, кәдеге жарату алымын, автокөлік құралдарын бастапқы тіркеуге алымдарды ескере отырып, жеке тұлғалардың жолаушылар көлігін пайдаланғаны үшін шығындары артады.

"Жанар-жағармай бағасының айтарлықтай өсуімен, азаматтардың көлікті иелену және пайдалану шығындары өседі. Мұндай өсім әсіресе эконом-класс көлігі бар адамдар үшін өте қатты байқалатын болады. Сәйкесінше бұған қатысты шаралар қабылдануы қажет", – делінген құжатта.

Бұл мәселені шешу шарасы ретінде қозғалтқыш көлемі ұлғайтылған автокөліктерге салынатын салықты сақтай отырып, көлік құралдарына салынатын салықты алып тастау ұсынылып отыр.

2022 жылы жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық түсімдері 70 млрд теңгені құрады.

Құжатта салық төлеушілерге қатысты басқа да маңызды шаралар бар екенін айта кетейік. Мысалы, қосылған құн салығын (тауардың түпкілікті құнына кіретін) кезең-кезеңімен ұлғайту, сондай-ақ табыс көлеміне қарай жеке табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізу ұсынылып отыр.

Құжат 29 қыркүйекке дейін талқылауда болады.

stan.kz
11 қыркүйек 2023 ж. 407 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 781
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 137

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 493

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930