» » Салық төлеушілер назарына

Салық төлеушілер назарына

Фото
Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қою тәртібі.
Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебіне қою Қазақстан Республикасының 25.12.2017 жылғы №120-VІ санды «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 82-бабына сәйкес жүргізіледі. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға мемлекеттік мекемелерді, резидентзаңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерін, шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін осындай арнаулы салық режимі қолданылатын қызметі бойынша қолданатын салық төлеушілерді қоспағанда, резидент-заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар жатады.
Егер қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою мақсаттары үшiн айналымның мөлшері күнтізбелік жыл ішінде ең төмен айналымнан асып кеткен жағдайда, Салық Кодексінің 82-бабының 1-тармағында аталған, қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қоюға жататын тұлғалар орналасқан жеріндегі салық органына қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті беруге міндетті.
Салықтық өтініш айналым мөлшерінің ең төмен айналымнан асып кетуі туындаған ай аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей электрондық нысанда немесе өзі келу тәртібімен қағаз жеткізгіште табыс етіледі.
Ең төмен айналым республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 20 000 еселенген мөлшерін құрайды. (АЕК-2023 жылы-3450 тг.)
Мемлекеттік кіріс органында тіркеу есебiне қою мерзiмiн бұзғандығы үшін Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы Кодексінің (әрі қарай ӘҚБтК) 269-бабының 3-тармағына сәйкес салық төлеушiнiң мемлекеттік кіріс органына қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті берудiң Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген мерзiмiн бұзуы ҚР ӘҚБтК елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК 275-бабының 5-тармағына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші ретінде есепке қойылмаған кезең ішінде айналым жасау есепке қойылмаған кезең үшін айналым сомасының он бес пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қармақшы ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы
16 қазан 2023 ж. 400 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031