» » Қытай мен АҚШ баж салығын жарыса көтерді

Қытай мен АҚШ баж салығын жарыса көтерді

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдан келетін тауарларға салынатын кедендік баж салығын 125%-ға дейін арттырғанын мәлімдеді. Бұл шешім Қытайдың АҚШ өнімдеріне салатын сауда салығын 84%-ға дейін көтергеніне жауап ретінде қабылданған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталған мәлімдеме Трамптың жеке TruthSocial әлеуметтік желісінде жарияланды.
«Қытай әлемдік нарық ережелерін елемейтіндіктен, мен Қытайдан импортталатын өнімдерге қатысты тарифтерді 125%-ға дейін арттыру туралы шешім қабылдадым. Бұл шешім дереу күшіне енеді», деп жазды Трамп.
Оның айтуынша, Қытайға «АҚШ пен басқа мемлекеттердің есебінен пайда көруге болмайтынын» түсінетін уақыт жетті.
Бұдан бір күн бұрын Трамп қытайлық тауарларға кедендік алымдарды 104%-ға дейін ұлғайтқан болатын. Бұған жауап ретінде Қытай билігі АҚШ-тан әкелінетін өнімдерге салынатын салықты 84%-ға дейін көтерген еді.
Осы жағдайдан соң Бейжің Дүниежүзілік сауда ұйымына шағымдануға шешім қабылдады.
Бірқатар мемлекет Ақ үймен тариф мәселесін келісу жолдарын іздестіріп жатса, Қытай АҚШ-қа  қарсы шаралар қолданып, жауап ретінде өз тарифтерін енгізіп отыр. Бұл әрекеттер әлемдегі ең ірі екі экономиканың арасындағы сауда қақтығысын одан әрі ушығуға әкелді.
10 сәуір 2025 ж. 465 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 083
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 741

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031